Денедегі қал мінезден сыр шертеді

Денедегі қал мінезден сыр шертеді
Фото: vk.com

Денедегі қал қай жерге орналасуына қарай адамдардың мінез-құлқы, болашақ тағдыры хақында неше қилы жормалдар, пайымдаулар айтылады. Егер денеде неғұрлым қал көп болса, мән-мағынасы да соғұрлым мол әрі алдын ала жасалатын болжамдар шындыққа жиі үйлесіп жатады. 

Дөңгелек қал – бақытты тағдыр кепілі. 

Сопақ, созылыңқы қал – сәтсіздік белгісі. Түсі шымқай қара болса,одан да жаман. Енді қалдардың дененің қай жеріне орналасуына орай қалыптасқан ұғымдарға келейік: 

Оң жақ шеке – даңқ пен абыройға бөлейтін ақыл-ой. 

Сол жақ шеке – күтпеген қылық, дәрменсіздік. 

Көздің қапталында – салмақты мінез,сенімділік және ұқыптылық,құнттылық. 

Қастың оң жағы – бақыт, бәлкім ерте үйлену. 

Сол жағы – қиыншылық, күрес. 

Құлақтағы – қатыгездік. 

Оң жақ беттің шеті – бақыт,әсіресе некелік өмірде. 

Сол жақ беттің шеті – тауқымет, күйзеліс,тыпырлау. 

Бет сүйекте – табыс, жол болу, махаббатқа жету. 

Ауыз маңы – бақыт, сезімталдық. 

Бұғақтағы – денсаулықтың кемтарлығы. 

Мұрындағы – үлкен сәттілік, жыныстық мол қайрат. 

Тамақтағы – некемен қоса келетін бақ, атаққұмарлық, мақсатқа жету. 

Мойындағы – көптеген мақсаттың орындалуы, кейбір үміттің аяқталмауы, алғашқы кездердегі сәтсіздіктің, бірақ түптің түбінде мерейдің үстем болуы. 

Білектегі – мұратқа жеткізетін табиғи қабілет. 

Оң қолдағы – сәттілік. 

Сол қолдағы – қаржыдан қысылу. 

Иықтағы қиын – қыстау, күрделі уақыттар. 

Көкіректің сол жағы (еркектерде) – сәттілік пен бақыт. 

Әйелдерде – қызу қандылық. 

Арқада – адалдық, тазалық, мырзалық, сонымен қоса менмендік, өзімшілдік. Егер мең арқаның төменгі жақтарында болса, сезімталдық пен болар-болмасқа ыңылдап, жыламсырай беруге бейімдік. 

Қабырғаның оң жағы – қорқақтық, ерігушілік, дарақылық, езбелік. 

Сол жағы – дәл солай, тек өзіне ептеген сын көзбен қарау. 

Белде – дені сау, күшті балалар болуы. 

Санның оң жағы – қайырымды мінез, байлық, отбасындағы бақыт. 

Сол жағында – жалғызіліктік, бәрінен айырылу, жарлылық. 

Оң жақ тізе – бейқам, шалқағай неке, қаржыны ұстай алмау. 

Сол жақ – беймазалық,тынышсыздық. 

Аяқтағы – тасып-төгілетін күш-жігер, асқан еңбекқорлық. 

Оң аяқтың табанында – сапар шегуге құштарлық. 

Сол табанда – сезімталдық, сергектік. 

Оң аяқ пен сол аяқта – жалқаулық.

Дереккөз: anabol.kz

@. @assel_assanova