Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Жұмысқа кел, жас маман!
Жұмысқа кел, жас маман!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / 16 жасыма хат!

16 жасыма хат!

16 жасыма хат!

Егер де сіз өзіңіздің 16 жасыңызға хат жолдай алар болсаңыз, не деп жазар едіңіз? Осы сұрақ жақында өнер жұлдыздарына қойылып, толассыз жауаптар соңында дүниеге "Құрметті мен: Өзімнің он алты жасыма хат" (Dear Me: A Letter to My Sixteen-Year-Old Self) атты шағын хаттар жинағы келген...  

Әлгі жинақта әйгілі өнер адамдары өздерін он алты жастағы қыз-жігіт ретінде, аңғал да саңғал, өздеріне сенімсіз жасөспірім ретінде сезінген. Ересек "мен" өзінің он алты жастағы "меніне" өмірде өзін қалай ұстау керектігі турасында, неден қашып, нені күту керектігін ақыл-кеңес түрінде жеткізуге тырысқан. 

Бір қызығы, бұл идея бір аптаның ішінде бүкіл әлемге таралып кеткен көрінеді. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар өз-өздеріне хат жаза бастаған екен. Мүмкін, ол қатарда сіздің де өз он алты жасыңызға айтар бір ауыз сөзіңіз табылатын шығар...

* * *

Өнер жұлдыздарының хаттарынан кішігірім үзінділер келтіре кеткенді жөн көрдік. Әрине, бұл хаттардан олардың өмірі өзгеріп кетпейтіні анық, алайда, болашақ ұрпақтың (сіздің) өмірін өзгертуі әбден мүмкін. 

Стивен Кингтің хаты:

Письмо Стивена Кинга

"Қымбатты, мен! Мен саған 2010 жылдан жазудамын, алпыстан асқанда бір ғана кеңес бергім келеді. Шындығы сол, төрт-ақ ауыз сөз: есірткіден аулақ жүргенің дұрыс. Сен өте таланттысың, көп жұртты өз оқиғаларыңмен бақытты ете аласың, бірақ, өкінішке орай, бұл солай - сен соған қоса әдеттеніп кеткен нашақорсың. 

Егер сен осы бір хатыма көз салмасаң және өз болашағыңды өзгертпесең, онда ең аз дегенде өз өміріңнің 10 жылында - отыз бен қырық жаста - түсініксіз бір тұңғиықтан табыласың, көп адамның көңілін қалдырып, өз жетістігіңе қуана алмайтын боласың. Бірнеше рет өлім аузынан қалуың да мүмкін.

Өзіңе қызмет қыл, неғұрлым бояуы жарқын жақта өмір сүр. Есіңде болсын, азғыру-алдануға қарсылық сенің жүрегіңді дәл махаббат секілді мықты ете түседі. Таза болып қал". 

Хью Джекманның хаты:

Письмо Хью Джекмана

"Қымбатты, Хью! Мен жай ғана сенің жай-күйіңді біліп (онсыз да біліп отырмын), "иә!" деп айту үшін саған хат жазуға бел будым. Мен саған болашақта жәрдемдесер бір нәрсені айтқым келіп еді. Кейбір кеңестерім күмәнді көрінуі де мүмкін. 

Барлығы өзің ойлағандай болмайды. Білемін, қазір саған өміріңнің қалай көрініс алатынын ойлаудың өзі қиын. Және бұл сені естен тандыратыны да мәлім. Бірақ, ақиқат көрініс (реальность) сен күткен ең батыл ойлардан да асып түседі. Сен ғаламат бір әйелді кезіктіресің, оған сөз салу өміріңдегі ең бір батыл қадамға айналмақ...

Жай ғана өзіңді тыңда. Қазір қолыңа қағаз ал да, тізім жасауға кіріс: сен ұнататын 5 іс пен сенің қолыңнан жақсы келетін 5 іс. Ауысып отырады, бірақ, күндердің бір ғажап күнінде олар түйіседі. Және бұл сенің жолың болады. 

Соған қарамастан жолдан адаспағанына сенімділік ұялатып отыру үшін, әрдайым тізім жасауды ұмытпа. Бар уақытта өзіңе келгенде қатал болуға, өзіңді итермелеуге тура келеді. Осыған абай бол. Сен өмірде өте бақытты боласың, өтінемін, осы бақыттың қай жақтан келіп жатқанын ұмытпа. Сені сүйемін.

Эмма Томпсонның хаты:

Письмо Эммы Томпсон

"Қымбатты, Эм! Мен түсінем, сен жассың, ғашықсың және бірде-бір ересек адам дәлме-дәл бір нәрсені айта алмайды деп ойлайсың, бірақ, дегенмен сен - бұл мен, яғни біз, не десек те, маған құлақ түр. 

Елу жастан 16 жасқа айтатұғын ең басты кеңесім:

1. Ешқашан, ешқашан, ешуақытта диетаға отырушы болма. Мұның қаншалықты жаман екенін мен білемін, кафеде тұрып алып йогурт пен таза ауаның бір жұтымына (шын мәнінде, сол сәтте сен майлы қуырылған картоп пен ірімшік салатын жегін келіп тұрды) таңдау жасау дегеннің қаншалықты қаталдық екенін. Бұл үшін уайымдама. Жиі тамақтан, артық уайым-қайғыдан арыл және диетаға отыруша болма. Қанша жерден алғанмен осы мөлшерде қала бермексің, сондықтан, мұның бәрін таста, қыз-ау, қазірден таста. Сенші - бәріне бәрібір. Жай ғана өз-өзіңмен бол, осымен өмір сүрсең, көп уақытың мен көп күш-қуатыңды үнемдеп қаласың және бақытың арта түспек.

2. Ол саған сені сүймеймін деп айтып тұрса, сенуге тырыс. Сені сүймесін. Осымен бітті. Ал қалған қателіктеріңді бар алтыннан артық бағалаймын. 

Сүйемін - Эм.

Джиллиан Андерсоннің хаты:

Письмо Джиллиан Андерсон

"Қымбатты, Джилли! Барлығы өзіңе байланысты. Мен бір нәрсені кеш түсіндім: сен өз бағаңды лайықты істермен ғана көтере алмақсың...

Сосын тағы, қымбаттым, өзіңді жақсы көрші, өзгелер туралы да ойла және бәріне рақмет айта бер. Сені сүйемін, саған сенемін, сені құрметтеймін. Мен. Сен. Біз. 

P.S. Жігітіңнің артынан емес, армандарыңның соңынан ер...

* * *

Өз он алты жасыңызға не айтар едіңіз...

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: indispensabledepotoir.skyrock.com 

3979 10
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 31 қазан 2013, 19:02
Пікірлер
+1
31 қазан 2013, 21:36

керемет хаттар екен, тура маған жазған хаттар секілді, осыны аударған кісіге рахмет:)

+1
31 қазан 2013, 22:22

Ах 16 жасым ;)

+1
01 қараша 2013, 01:42

маган керек акылдар екен ойткени мен коп узамай 16 га толамын :)

+1
01 қараша 2013, 03:35

Қызық, мен не жазар ем 16 жасыма? Ақымақ болмай журналистикаға түстер ме едім?

+1
01 қараша 2013, 12:00

«Салтанатым...» деп бастаймын да шұбыртам ғой... Өзгерткiм келетiн дүние көп...

+1
01 қараша 2013, 12:09

Құрметті 16 жастағы Айша, Өтінемін апаңның қарсылығына қарамастан қалаға емледуге жіберші. Жақсы емханаға жатқызшы. 2008 жылы дүниеден қайтпасын десең :(

+1
01 қараша 2013, 13:57

Айшежан, ол тағдыр ғой. Ал, мен...оның тағдыр екенін білсем де, анаңды қадір тұтшы, көбірек жанында қалуға тырысшы...Және жүрегіңді ауыртуы мүмкін "сол бір адамды" ұнатып, сүймей-ақ қойшы дер едім...

+1
01 қараша 2013, 13:58

Екі адам туралы айтқаным ғой. Біріншісі кетті, екіншісі өмірде болса да, кеттіге есепке жатады бәрібір, сүймей-ақ қойшы дер едім.))

+1
01 қараша 2013, 14:08

Ғұламаттас мықты ғо!

+1
04 қараша 2013, 19:54

Идеясы жақсы екен!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...