Жұлдыз жорамал: 05.10.2015 - 11.10.2015

Жұлдыз жорамал: 05.10.2015 - 11.10.2015
Фото: rudaki.ru

Қатты қиналған сәтте көмектесуге дайын тұрған достарыңыздың бар екенін ұмытпаңыз. Бірақ өзіңіз де адал дос бола біліңіз. 

Тоқты

Осы аптада тәртібіңізге мән беріңіз. Бастық үнемі жұмысқа кешігіп келетін әдетіңізді кешіре бермейді. Әр нәрсенің шегі бар. Табысқа тек жақсы серіктестердің арқасында жетуге болатынын ұмытпаңыз. Әріптестеріңіздің артынан өсек сөз айтудың қажеті жоқ. Демалыс күндері достарыңыз көмекке келеді.

Торпақ

Тағдыр сізді сынға алуы мүмкін. Қуанышыңызға орай, барлық қиындықты оңай өткересіз. Бар болғаны, өзіңіз туралы айтылып жүрген өсек сөзге мән бермеңіз. Өміріңізге өзгеріс енгізуден қорықпаңыз. Ағыспен қатар жүзіп, өміріңізді босқа өткізгенше, барлығын өзгертуге әрекеттеніңіз. Аптаның ортасына қарай маңызды шешім қабылдауыңызға тура келеді. Ұстамдылық танытыңыз. Сенбі күні де жанжалдан аулақ болуға тырысыңыз.

Егіздер

Бұл аптада қай істің қаншалықты маңызды екенін анықтауыңызға тура келеді. Ешнәрсе жасамасаңыз да, көпшіліктің көзайымына айналуыңыз мүмкін. Өзімшіл болып кетпеңіз. Жақын адамдарыңыздың пікірін ескеріп, шешімді ақылдасып отырып қабылдаңыз. Әрекет жасамас бұрын ойланып алыңыз.

Шаян

Осы аптада бастығыңыз қиын тапсырма береді. Егер ол тапсырманы ойдағыдай орындайтын болсаңыз, беделіңіз артады. Уақытты шығындамай, бірден іске кірісіңіз. Сейсенбі күні білімге қатысты өзіңізге қажет ақпарат аласыз. Отбасыңыз бен үйіңізге көңіл бөлуге тырысыңыз.

Арыстан

Осы аптада көп істе жолыңыз болады. Бастысы, асықпаңыз. Бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіп отырыңыз. Осылайша мансап жолында ілгерілейсіз. Шығармашылық идеяларыңызға жан бітеді. Достарыңыздың қадірін біліңіз. Олармен босқа сөз таластырмаңыз. Аңдамай сөйлеп, ең жақын деген достарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.

Бикеш

Осы апта жүйкеңізге тиетін адамдарға назар аудармауға тырысыңыз. Сәрсенбі күні қиындыққа тап боласыз. Дүрбелеңге салынбай, бәрін ақылға салып шешіңіз. Демалыс күндері ойсыз-қамсыз демалу үшін жұма күні барлық жұмысыңызды ретке келтіріңіз.

Таразы

Өткен өміріңізге баға беріп, аптаны жоспар құрудан бастаңыз. Бойыңыздағы кемшіліктерден арылғаныңыз жөн. Бейсенбі күні арманыңыз жүзеге асады. Ал сейсенбі және сенбі күндері адамдардың сөзіне сенбеңіз. Олар сырттай мақтап, сыртыңыздан сізге жаманшылық жасауы мүмкін.

Сарышаян

Қосымша жұмыс іздейтін болсаңыз, жолыңыз болады. Жобаңызды көпшілікке ұсынатын уақыт та келген сияқты. Осы аптада мансап жолында жоғарылайсыз. Ал жеке өміріңізде көп жақсы өзгеріс болады.

Мерген

Өзіңіздің көп қателескеніңізді байқасаңыз, аз демалып алғаныңыз жөн. Жосgарларыңыз бен мақсаттарыңыз туралы тіс жармаңыз. Әйтпесе орындалмай қалуы мүмкін. Жұма күні іскерлік кездесулер сәтті өтеді. Үйде болмашы дүниелерге бола жанжал шығарып, жақындарыңызды ренжітпеңіз.

Тауешкі

Қоластыңызда жұмыс істейтін немесе өзіңізге толықтай тәуелді отбасыңыз туралы ұмытпаңыз. Отбасына қатысты қиындықтарды шешкен кезде төзімділік танытуыңызға тура келеді. Ал демалыс күндері қыдырасыз.

Суқұйғыш

Өзіңіздің жайдарлы мінезіңіздің арқасында көптің көңілін аулайсыз. Сыпайылық танытыңыз. Сіз көп нәрсе жасап үлгересіз. Алайда жұмысбасты болып кетпеңіз. Жексенбі күні эмоцияға ерік бермеңіз. Сүйіктіңізбен кездесу ұйымдастырыңыз.

Балықтар

Осы аптада көп адаммен жолығып, телефон арқылы сөйлесуіңізге тура келеді. Үй мен қызметтегі жұмыстарды қатар алып жүресіз. Жақындарыңызбен ұрысуыңыз мүмкін. Бірақ шектен шықпаңыз. Бейсенбі және жұма күндері таныстарыңыз көмекке келеді.

Қ. Бүйенбай