Жұлдыз жорамал: 15.06.2015-21.06.2015

Жұлдыз жорамал: 15.06.2015-21.06.2015
Фото: rudaki.ru

Әр адамның алдына қойған мақсаты болады. Алайда ол мақсат міндетті түрде қимасыңды құрбандыққа шалуды талап етеді. Олай болса, нар тәуекелге дайынcыз ба?

Тоқты

Апта бойы өзіңізді сиқыршыдай сезінетін боласыз. Туысқандарыңыздың барлық қалауын орындайсыз. Басшылық пен әріптестеріңіз де риза болады. Жұмыс істеу қабілетіңіз күшейеді. Ал аптаның соңында аздаған қиындық туындайды.

Торпақ

Апта айтарлықтай тыныш өтеді. Алайда сізден ерекше белсенділікті талап етеді. Күш-қуатыңыз тасып тұратындықтан, әртістік қабілетіңіз артады. Жұма күні оқыс оқиға болуы мүмкін болғандықтан, абай болыңыз. Ал демалыс күндері отбасыңызға қатысты шаруаларды реттеуіңізге тура келеді.

Егіздер

Кез келген мәселені кейінге қалдырмай уақтылы шешіп отырыңыз. Сейсенбіге кездесу жоспарламаңыз. Ал бейсенбі күні бар назарыңызды ең маңызды деген жұмысқа бағыттаңыз. Өзгелердің жетегіне ермей, өз қалауыңызды да орындата біліңіз.

Шаян

Бұл аптада өз іс-әрекетіңізге, мінезіңізге баға беруіңізге болады. Бір нәрседен күдіктенсеңіз, сүйіктіңізге немесе басшыңызға сұрақ қоюға қысылмаңыз. Жұмысты әріптестеріңізбен бөлісіп орындауларыңызға болады. Олар өз кезегінде қуана көмектеседі. Сын айтудан сақтанып, қырсық мінез танытпауға тырысыңыз.

Арыстан

Жұмыста жолыңыз болып, қызметіңіз жоғарылайды. Ауылға қыдырып, денсаулығыңызды күтуге мән бергеніңіз жөн болар. Егер қазір кезекті демалыс уақыты болмаса, көп қағазбен жұмыс істеп, есеп-қисап жүргізуіңізге тура келеді.

Бикеш

Басыңыздан түрлі оқиға өтеді. Арасында шаршайсыз. Ешкімге сенім артпай, барлығын өзіңіз орындауға тырысыңыз. Сейсенбі күні әріптестеріңіздің сөзіне зер салыңыз. Олар сізге жалған ақпарат айтуы мүмкін. Ал жексенбі күні табиғат аясына шығып демалыңыз.

Таразы

Бұл аптада танитын, танымайтын көп адаммен жолығасыз. Өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарды басшылықпен ақылдасқаныңыз жөн. Қызметіңізде айтарлықтай өзгеріс болады. Ал сүйіктіңізбен қарым-қатынаста бір-бірлеріңізге түсіністікпен қарап үйренгендеріңіз жөн. Барлығы ойдағыдай болады.

Сарышаян

Жұлдыздар несие алу сынды жұмыстарды реттеуге кеңес береді. Аптада барлығы ойдағыдай жүзеге асады. Қалаған мақсатыңызға қол жеткізесіз. Жақындарыңыздың кеңесін тыңдауды ұмытпаңыз. 

Мерген

Осы аптада көп адаммен жолығасыз. Арасында өзіңіз бұрын-соңды көрмеген бейтаныс адамдар да болуы мүмкін. Өзіңізді мазалап жүрген сұрақтардың жауабын басшыңыз айтады. Ал жеке өмірде сабырлық танытыңыз. 

Тауешкі

Әдетте барлығы сіз ойлағандай бола бермейді. Ойыңызды жинақтап, алдыңызға айқын мақсат қойыңыз. Оған жетудің түрлі нұсқасын қарастырыңыз. Үйіңізге шетелден қонақтар келеді.

Суқұйғыш

Қолда бардың қадірін біліңіз. Бұрынғы қателіктерді жібермеңіз. Өзіңіз сенім артатын адамдардан кеңес сұраңыз. Ал аптаның екінші бөлігінде бар уақытты өзіңізге арнаңыз.

Балықтар

Алдыңызға қойған мақсаттарыңыздың барлығын дерлік жүзеге асырасыз. Бейсенбі мен жұма күндері жұмысқа барғаныңыз абзал. Өйткені басқа жұмыстарыңыз айтарлықтай нәтиже бермейді. Ал сенбі күні отбасыңызға қатысты мәселелерді шешуіңізге тура келеді.

Қ. Бүйенбай