Massaget.kz Инстаграмда "Өлең" атты эстафета бастады

Massaget.kz жақында Инстаграмдағы парақшасында қазақ поэзиясын қолдау мақсатында "Өлең" атты эстафета бастады. Шарт бойынша, эстафета беруші эстафета алушыға бір ақынды атауы керек. Эстафета алушы сол ақынның бір шумақ өлеңін мәнерлеп оқуы керек. Жарияланымда @massaget_insta аккаунты мен #olen хэштегі болуы міндетті.

Сонымен "Өлең" эстафетасы жалғасуда. Эстафетаға сіз де үлес қоса аласыз! Ол үшін инстаграмдағы парақшаңызға #olen хэштегімен @massaget_insta аккаунтына сілтеме қойып, бір шумақ өлең оқуыңыз керек. Ендеше қазақ поэзиясын қолдауда жұмылып жұдырық болайық!

 

Видео опубликовано Massaget (@massaget_insta) onноя 11, 2014 at 1:16 PST

 

Массагет @massaget_insta ұсынған "Өлең" эстафетасын қабылдадым. Эстафетаны @ushkin1 @aikonanur @estetika9 ұсынамын #olen Сіздерге берілетін ақын - Жұматай Жақыпбаев

Видео опубликовано Omirbek Sansyzbaev (@omirbeksansyzbaev) onноя 11, 2014 at 3:21 PST

 

Жаңа "Өлең" атты эстафета бастаймыз. 1.Эстафета алған адам 24 сағаттың ішінде эстафета шарттарын орындауы керек.

 

@ushkin1 Мейіргүл ұсынған өлең эстафетасын қабыл алдым. Оны жалғастыруды Абзал Сариевке @abzalsariyev Қазына Әбдіғаппарға @kazyna_91 Анар Лепесоваға @anarlepesova ұңынамын. Шарт бойынша 24 сағат ішінде Мағжан Жұмабаевтың бір шумақ өлеңін оқып, оны видеоға түсіріп, инстаға салуы тиіс. @massaget_insta #olen #өлең #Мағжан #МағжанЖұмабаев

Видео опубликовано Abayus Otarius (@abayus_otarius) onноя 11, 2014 at 2:35 PST

 

Жер жүзіне Ер атағым жайылған, Жан емеспін оттан, судан тайынған. Қайраты мол қандыбалақ қыранмын, Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған. Еркін ырғып шыққам асқар Алтайға, Қырда тұрып садақ тартқам Қытайға. Талай тайғақ, тар кешуде таймаған Батыр жүрек, қайрат енді алдай ма? Талмай, қайтпай қамал бұзған кемеңгер, Арыстанға қарсы ұмтылған мендей Ер. Бір барқылдақ жалпылдаған төбеттен Қорқар болсам, жұтсын Мені қара жер... © #МағжанЖұмабаев - Жер жүзіне Эстафета таяғын @abayus_otarius бауырымнан алдым. Дәл сондай шарттармен таяқты Азамат Тлепов бауырыма, @kuanysh_kenes досыма және @m_besbaev ағамызға беремін. Сәлемдемемді жеткізген Жандарға алғысымды білдіремін!

Видео опубликовано Abzal SARIYEV (@abzalsariyev) onноя 11, 2014 at 9:21 PST

 

@massaget_insta бастаған " Өлең " атты эстафетаны жалғаймын. Эстафетаны @abayus_otarius @zevsko @rakishevaa - ға ұсынамын. Мағжан Жұмабаев шығармашылығынан бір шумақ оқулары керек. 24 сағаттың ішінде эстафета шарттарын орындауы керек. @massaget_insta #olen видеоны әрең салдым ренжімеңіздер

Видео опубликовано Мейіргүл Оңғарова (@ushkin1

) onноя 11, 2014 at 2:09 PST