Жұлдыз жорамал: 10.11.2014-16.11.2014

Жұлдыз жорамал: 10.11.2014-16.11.2014

Ойыңызда жүрген арманды жүзеге асыру үшін көп еңбектенуіңізге тура келеді. Жеке қызығушылықтарыңызбен айналысуға уақыт қалмайды. Алайда ақыл, табандылық, қырағылық, ұйымдастырушылық сынды іскерлік қасиеттерді танытуға мүмкіндігіңіз пайда болады. Көңіл күйіңіздің тағы да бір рет бұзылғанын қаламасаңыз, демалыс туралы мүлдем ойламаңыз. Бірақ жақсылап демалатын күндер де алыста емес!

  Тоқты. Осы аптада аталған жұлдыз иелері өзінің ерекше қасиеттерін көрсетуге ұмтылады. Байқасаңыз, олар бұрынғысынан жылдамырақ жүреді. Ақшаны да көп жұмсайды, пікір-сайыста да өз ойын еркін айтады. 
     
  Торпақ. Үлкен қуанышқа кенеледі. Оларға бір кездері басынан өткерген бақытты әрі тыныш өмір қайтып келгендей көрінеді. Күтпеген жерден армандарын жүзеге асырады. Тек жылдам қимылдау керек. 
 
     
  Егіздер. Ұялшақ мінездерін артқа тастап, өз ойларын қандай жағдай болмасын ашық айтуға ұмтылады. Біріншіден, егіздер тек шындықты айтқан жағдайда, екіншіден, эмоциясын аз көрсеткен жағдайда ғана жағымсыз салдары болмайды. Барлығы жұмысқа қатысты айтылып жатыр. 
     
  Шаян. Қолымда толық ақпарат жоқ деп сылтауратып, қимылдауға асықпайды. Олар бастығы немесе туған-туысқандары қинаған жағдайда ғана әрекетке кірісуі мүмкін. Себебі, шаяндардың ойында жоспар да, мақсат та жоқ. 
     
  Арыстан. Бұл жұлдыз иелерінің көбейе түскені дұрыс еді. Мейлі жазушы болсын, мейлі әнші болсын, кез келген жағдайда жұмыскерлік қабілеті артып, бағы жанады. Ең бастысы – барын салып жұмыс істейтін болады. Басшылықтан аз сөгіс естиді.
     
  Бикеш. Сырттай пара бергендей көрінуі мүмкін. Айналасындағылар бикештердің аз уақыт ішінде үлкен жеітстікке жеткендігін түсінбейді. Шындығын да, аталған жұлдыз иелерінің жолы болғыш келеді. Басқалары маңдай терімен тапқан дүниені бикештер жәй ғана барып алады. 
     
  Таразы. Қандай жағдай болмасын ұстамдылық, мейірімділік сынды жақсы қасиеттерді ұмытпау керек. Себебі осы аптады олардың қажеттілігі арта түседі. Олар ақылға сенім артады. Қолға алған жоба нәтиже беріп, болашаққа сенімді жоспарлар құрады. 
     
 


Сарышаян. Бұл аптада кеңпейілділік, шыдамдылық, адамгершілік, жылдамдық сынды қасиеттерге ие болады. Өзі мен өзгенің іс-әрекетіне дұрыс баға береді. Олардан жиі кеңестер сұралатын болады. 

     
 


Мерген. Бұл жолы бизнесті кеңейту мәселесін жақсылап қолға алуға тура келеді. Істі бастаған жағдайда ғана өзгеріс пен нәтиже болады. 

     
 

Тауешкі. Шарықтаған шабыты бір сәтке сөніп, күш-жігері сарқылады. Күйзеліске тап болып, өзін жинақтауға көп уақыт жұмсайды. Жұлдыздар берілмеуге кеңес береді. 

     
 



Суқұйғыш. Ненің дұрыс немесе қате екенін саралап, кіріс пен шығысты есептеген соң суқұйғыштар барлығын үнемдеуге кіріседі. Олардың алдына қойған мақсатына беріктігі соншалық, ешкім де жолдан тайдыра алмайды.

 

     
 


Балықтар. Бұл жолы шығармашылыққа немесе қызметке байланысты болсын барлық іске үлгереді. Мұнымен қатар түйсіктеріне сенім артып, теңізде адасқан кемені дұрыс жолға бастай алады. Тапқан табыстарын өзіне жұмсап үйренсе, бақытты жандардың біріне айналатын еді. 

 

Сурет:rumbur.ru

Қ. Бүйенбай