Жұлдыз жорамал: 03.11.2014-09.11.2014

Жұлдыз жорамал: 03.11.2014-09.11.2014

Ақпараттың барлық деталін анықтап алмайынша қолдануға асықпаңыз. Бұл асығыстығыңыз келеңсіз оқиғаларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сіздің әрекеттеріңізге айналаңыздағы адамдардың сөзі әсер етеді. Алайда соқыр сенімге еріп, өзгенің жетегінде кетпеңіз. Өміріңіздегі ең басты өзгерістер тек өз қалауыңыздың нәтижесінде ғана жүзеге асады. 

  Тоқты. Жұлдыздар алдағы аптада миыңызды шаршатпауға кеңес береді. Көзіңіздің көру қабілеті нашарлап кетуі мүмкін болғандықтан, ақылды кітаптар мен интернетті шетке ысыра тұрыңыз.
     
  Торпақ. Бұл аптада торпақтардың өзіне деген сенімділігі кез келген қауіпке қарсы тұра білетіндей жоғары. Сенімділік қасиеті жақындарына жұғады. Аталған жұлдыз иелері өздерінің не істеп жүргенін жақсы біледі. Және туған-туысқандарына қамқоршы адам бола алатындықтарын дәлелдейді. 
     
  Егіздер. Жұлдыздар тыныс алуға байланысты жаттығулардың барлығымен абай болу керектігін ескертеді. Мысалы, жүзу немесе йога. Және үрлемелі аспаптармен де ойнамағаныңыз абзал. 
     
  Шаян. Шығармашылық күндері келе жатыр. Таңертең тұра салысымен кешегі өткен күндердің естелігін жазып, артынша Абай секілді даналарға ұқсағысы келгендігін мойындайды. 
     
  Арыстан. Басында қатты жүгірсеңіз де, аптаның соңына дейін бұл үрдіс жалғаспайды. Сондықтан жанжағыңызға қарап таң қала берудің орнына шындыққа тура қарап, дұрыс баға бергеніңіз жөн болар. Үлкен балықты қармағыма ілдім деп мәз болмаңыз, оны қалай қуыру керектігін де білу керек. Алдағы өміріңіз осы аптада жүзеге асатын істермен тікелей байланысты. 
     
  Бикеш. Еңбекке деген құштарлықтары ерекше артады. Үй шаруашылығындағы маңызды істермен айналысып, өзгерістер енгізеді. Жұлдыздар ауылында немесе қала сыртында үйі бар бикештерге жөндеу жұмыстарын дәл қазір бастай беру керектігін баяндайды. 
     
  Таразы. Жұмысқа деген құштарлығыңыз төмендейді, алайда мұны жарнамалап жатудың қажеті жоқ. Түр-әлпетіңізден әрдайым жұмысқа деген 100% дайындық көрініп тұрсын. 
     
  Сарышаян. Олар - «Өмір» атты пьесада өз рөлдерін ойдағыдай сомдап жүрген актерлер. ХХІ ғасырдың жағымды кейіпкерлері десек те болады. Жұлдыздар кез келген ортаға бейімделіп кету қасиетіңізді ары қарай да қолдана беруге кеңес береді. 
     
  Мерген. Жылдам шешім қабылдау керек сәттер жиі болады. Ең бастысы – өзіңізге сеніңіз және мұңаймаңыз. Сол кезде барлығы да жөнге келеді. 
     
  Тауешкі. Осы аптада барлығы жақсы болады. Жеке өміріңіз бен жұмыста қиындықтарыңыз болса да, өзіңізге деген сенімді жоғалтпаңыз. Уақытында ұйықтап, дұрыс тамақтаныңыз, денсаулығыңызды қалпына келтіріңіз. Таңертеңгі қара шәйді жеміс шырынымен алмастырыңыз. Асықпай жүріп, айналыңызды бақылар болсаңыз, әлемнің қаншалықты жақсы екенін байқайсыз. 
     
  Суқұйғыш. Жаңа зат алам деп жүргенде, өзгенің ескісіне ұрынасыз. Олар ескі болса да, сапасы мықты екенін ұмытпаңыз. Ең бастысы оны адал еңбектің нанын жеп үйренген жандар жасаған. 
     
  Балықтар. Жүрген жеріне қуаныш пен тыныштық сыйлайды. Мұнымен қатар өте сезімтал. Олар өзге адамдарды тым идеалдап жіберетіндіктен, жақын араласқан жағдайда көңілдері қалып қалуы мүмкін. 

Сурет:rumbur.ru

Қ. Бүйенбай