Брюс Ли ұсынған 14 кеңес

Брюс Ли ұсынған 14 кеңес

1. Мен ән айта алмайтынымды білемін. Бірақ мен бәріне дауысым әдемі деп мақтанамын.

2. Егер мен қазір сіздерге ғажап адаммын десем, мақтанып отыр деп ойлайсыздар. Егер мен өзімді түкке тұрғысызбын десем, бұл сөздің жалғандығын дереу байқайсыздар.

3. Бірден алған бірінші соққыдан кейін жеңіске жету мүмкін емес.

4. Тез әрекет ет, айнадай анық бол, данышпандай жауап бер.

5. Ақшаның ешқандай мәні жоқ. Ақша – тек бір мақсат үшін жұмсалатын қажеттілік. Әкем маған үнемі айтады: « Бұл жолы сен 10  доллар ақша таптың, келесі жолы 5 доллар ақша табуың мүмкін. Сол үшін кез келген нәрсеге дайын бол».

6. Егер ертең аяғыңнан шалмасын десең, бүгін істің турасын айт.

7. Данышпан орынсыз сұрақтың өзінен көп нәрсе түсінуі мүмкін. Ал ақымақ дұрыс жауаптың өзінен еш нәрсе ұқпауы мүмкін.

8. Америкалықтар терек ағашына ұқсайды, олар мықты. Жел соқса мүлдем қимылдамайды, бірақ күшті боран соқса сынып қалулары мүмкін. Қытайлықтар болса бамбукқа ұқсайды. Бамбук жел соққанда бір жығылады, бірақ қалпына келеді. Тіпті бұрынғыдан да мықтырақ болып кетеді.

9. Мен Сиэтлдегі Вашингтон университетінде оқығанмын. Бәлкім сенбессіздер, мен бұл жерде философияны үйренгенмін.

10. Қытай халық ертегісі. «Бір заманда бір қасапшы өмір сүріпті. Оның пышағы күннен-күнге өткірлене түседі. Қасапшыдан бұның сырын сұрағанда «Мен пышақты сүйектің сызығымен бойлап қана қолданамын. Мен оны кесуге, сындыруға тырыспаймын, тіпті қарсылық та танытпаймын», - деп жауап береді екен. Өмірде де осы жолды ұстану қажет. 

11. Менің салмағым  – 70 килограмм. Егер мен бастапқы үш ұрыста қарсыласымды жеңе алмасам, онда менің өліп кетуім де мүмкін. Мен ұрыста қолым мен аяқтарымды пайдаланамын. Менің оларды тез пайдаланатыным соншалықты, камера менің қимылдарымды түсіріп үлгермейді. Сондықтан жай қимылдауға тырысамын.

12. Тақтай мен қыштарды сындыру өзгелер үшін бір ермек. Себебі, олар жауап қайтара алмайды.

13. Егер сен өмірді сүйсең, уақытыңды бекер өткізбе, өмірдің өзі уақытқа тәуелді.

14. Қандай да бір қиыншылық болмасын өзіңе керемет жағдай жасап ал.

Сурет: lookatme.ru

Ж. Исакаев