Қыздар мәдениеті #2

Қыздар мәдениеті #2

Көпшіліктің ортасында отырған кезде есінеуге болмайды. Ал дауыс шығарып есінеу, тіпті, орынсыз болады. Тәрбиелі адам мұны ешкім көрмейтіндей етіп жасайды.

Түшкіруді жасырып қалу мүмкін емес. Сондықтан басымызды бір шетке бұрып, ауызды алақанмен жабу керек.

Сіңбіру үшін жуынатын бөлмені пайдаланған жөн.

Ықылық тиген жағдайда да жуынатын бөлмеге барып, сол қолмен мұрынды басып, оң қолмен су құйылған стақанды ұстап тұрыңыз. Және суды аз-аздан ішіңіз. Мүмкіндігінше ауа жұтпауға тырысыңыз. Бір қасық қант ұнтағын жеп алыңыз.

Көп жағдайда өзгелердің ашуына тиетін жағымсыз қасиеттерімізді байқамаймыз.

Өзіңізге тым жақын тұрған әңгімелесушіңізге бетпе-бет қарамауға тырысыңыз және теріс қарап та тұрмаңыз.

Әңгімеңізді күлкімен аяқтамауға тырысыңыз.

Қолыңыздың саусақтарын «сықырлатпаңыз», ішіңізді ұстамаңыз, беліңізді таянбаңыз.

Қолыңызды қозғалыссыз ұстауға тырысыңыз: саусағыңызбен шашыңызды айналдырмаңыз, киім түймесін ұстамаңыз, сақинамен ойнамаңыз, әңгімелесушіңіздің киіміне тиіспеңіз.

Шәй ішіп отырған кезде шынымен немесе қасықпен ойнаудың қажеті жоқ.

Мұнымен қатар:

- көрме кезінде экспонаттарды қолмен ұстау;

- кітап бетін парақтаған кезде саусағыңыздың ұшын түкіріктеу;

- әңгіме барысында сағатқа қарай беру;

- есікті қатты жабу;

- ысқыру;

- адамдардың көзінше тіс шұқығышты пайдалану;

- түшкіру, жөтелу, есінеу кезінде ауызды қолмен қалқаламау мәдениетсіздік болып табылады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Сымбат Нурсалимованың жеке парақшасынан

Қ. Бүйенбай