- Негізгі бет
- Жаднама
- Қыз күнделігі: Жеке...
Қыз күнделігі: Жеке бас гигиенасы
Жасымыз өскен сайын бойымыздан кемшілік іздеуге құмар келеміз. Ата-анамызға, құрбыларымызға кемшіліктерімізді жиі айтамыз. "Шіркін, осылай болса ғой" деп армандаймыз. Жігіттер айнаға қараған кезде бұлшық еттерінің Қажымұқан атамыздікіндей ширақ болғанын қаласа, қыз балалар өзі сүйген әртісіне ұқсағысы келеді. Әрине, алғашқы баспалдақта еліктеген жақсы, бірақ сұлулық пен салауатты өмір салтының негізі жеке бас тазалығынан басталады.
Халқымыз әрқашан «Тәні саудың – жаны сау» дейді. Сондықтан жеке бас гигиенасын ерінбей сақтанған жөн. Өне бойыңнан кемшілік іздеуді қойып, жақсы қасиеттеріңді еске ал.
Таңертең және кешке жақын жуыну керектігін барлығы білсе де, бұл процесстің қаншалықты маңызды екенін мойындай бермейді. Жуынатын бөлмеде қандай сабын тұрса, еш талғамай сонымен жуына береді. Кейде, тіпті, безеуді кетіріп, бетті құрғатады деп кір сабынмен жуынады. Кір сабын біріне жақса, екіншісіне мүлдем кері әсерін тигізеді.
Біздің теріміз балғын әрі нәзік болғандықтан, үлкен әпкелеріміз бен анамыздың косметикалық құралдарын пайдаланбағанымыз жөн. Оның үстіне безеу де шықпайтындықтан, әзірге балаларға арналған сабын немесе бактерияларды өлтіретін алқызыл түсті Safeguard жеткілікті. Ал тісті щеткамен жақсылап ысқылап, сұйық бальзамдармен аптасына 2 рет шайып отыру керек.
Оқи отырыңыз:
Қыз күнделігі: Бантикті қалай тағамыз?
Қыз күнделігі: Ыдыс жууды ұнатпайсың ба?
Қыз күнделігі: Таңертеңгілік жаттығудың қыздар үшін маңызы
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай