Қыз күнделігі: Бантикті қалай тағамыз?

Қыз күнделігі: Бантикті қалай тағамыз?

Қыз балаға ата-анасынан көп генетикалық қасиет беріледі. Ол көзінің түсі, бойы, терісінің нәзіктігі, шашының қайраттылығы және т.б. Осы әрбір қасиетімізді ерекше күтімге алу – біздің басты міндетіміз. Әсіресе, қыз баласының көркін ашатын шашын күтудің маңызы зор.

Өз басым күнделікті сабаққа бантик тағып барғанды ұнатамын. Ол шашты жинақы етіп көрсетіп, көпшіліктің көзайымына айналуға, өзімді мектеп оқушысы ретінде сезінуге көмектеседі. Бүгін бантикті қалай тағуға болатындығын көрсеткім келеді. 

1. Шашты екі жаққа буып тағуға болады. 

2. Немесе төбеге бууға.

3. Шашты төбесінен бір буып, артынша өріп төменгі бөлігіне тағы бір бантик тағуға болады. 

4. Шашың менікіндей ұзын болса, екі өрімнің төменгі бөлігіне тақ. 

5. Шашты алдымен өріп, артынша ұшын үстіге қарай қайыруға болады. 

6. Немесе екі өрімнің ұшын бір бантикпен біріктіріп қоюға болады. 

7. Және ең соңғысы менің ең сүйікті әдісім - бір өрімнің ұшына бантик тағу. 

Ал сен, құрбым, бантикті қалай таққанды ұнатасың?

Автор: Томирис Сағындық 

Сурет: Massaget.kz 

Қ. Бүйенбай