Таза былғарыны тері алмастырғыштан қалай ажыратамыз?

Таза былғарыны тері алмастырғыштан қалай ажыратамыз?

Көбіміз табиғи заттың әрқашан сапалы және қолдану мерзімі ұзақ болып келетінін білеміз. Алайда, әр түрлі тері алмастырғыштардың пайда болуынан сатып алушы былғарыдан жасалған заттарды жиі шатастырады. Сол себептен былғарыны тері алмастырғыштан міндетті түрде айыра білу қажет. 

Нағыз былғарыдан жасалған бұйым әдетте қымбат болады, сондықтан былғарыдан жасалған заттардың арзан тұруы мүмкін емес. Тері алмастырғыш осының негізінде ойлап табылды десек қателеспегеніміз. Ол затты неғұрлым қымбат және көрікті етіп көрсетеді. Оның сапасына келетін болсақ, онда ол синтетикалық материалдардан жасалады және сапасы өте нашар болады.

Тауар ережесі бойынша өндіруші өзінің өніміне міндетті түрде заттың не былғарыдан немесе тері алмастырғыштан жасалғандығын жазады. Егер тауардың  мұндай таңбасы болмаса, әр түрлі алаяқтарға жол ашылады. Сатушылар алармандарына былғары деген атты жамылдырып көптеген өнімдерін сатып жіберуі мүмкін.

Жалған затты бірнеше қарапайым жолдармен ажыратып алуға болады:

1. Былғарының кішкене бөлігін отқа жағып көріңіз. Байқасаңыз кез келген өнімнің заттаңбасымен қоса заттың кішкентай ғана бөлшегі, яғни үлгісі  болады. Үлгісі болмаған жағдайда тауарды өзіне жасап көруге тура келеді. Таза былғары өте баяу жанады және жайлап жиырылады. Одан үйтілгеннің иісі шығуы керек. Сапасыз өнім немесе тері алмастырғыш бірден тұтанып, иісі өте өткір шығады.

2. Өнімнің жасалуы. Таза былғары заттың арнайы тоқыма әдісі жоқ. Оның ішкі жағы өте мамық, жұмсақ иленген теріге ұқсауы тиіс. Тауардың тері алмастырғыш екендігін кескіні арқылы синтетикалық қаптама мен арнайы тоқыма әдісін қолданғандығынан бірден көзбен көре аласыз.

3. Өнімді бүгу арқылы тексеру. Таза былғарыны бүккен кезде бастапқы қалпына қайта түсуі қажет. Егер материалдың бүгілген жері іртік-іртік болып, іздері қалып жатса, мұның жалған былғары екендігіне күмән келтірмеңіз. Былғарыдан жасалған өнім бір шама уақыттан кейін қайта жайылып орнына түседі. Осыны ұмытпаған жөн.

4. Суды тауарға бұрқап көріңіз. Сатып алушы керек бұйымын алып жатқан кезде, ең бір жеңіл әдістерінің бірі – су бұрқау. Таза былғары кез келген сұйықтықты өзіне сіңіріп алады. Ылғал тиген орын  мүмкіндігінше қара даққа айналып, қарақоңыр түске енеді. Ал тері алмастырғыш болса, өзіне ешқандай су жұқтырмай, суды сырғытып салады.

5. Қолмен сипап көру. Бұл әдісте таза былғары қолмен ұстаған кезде бірден жылу бөледі, яғни материал міндетті түрде оған жауап қайтарады. Тері алмастырғыш керісінше еш белгі көрсетпей, суық күйінде қала береді. Ескерте кетейік, бұл әдіс тек басқа әдістерге қосымша амал ретінде қарастырылған (Мысалы, жоғарыдағы әдістерді жүзеге асырғаннан кейін, әлі де бір күдігіңіз болса).

Бұдан қорынтынды шығара тауарды алмас бұрын ең болмағанда осы әдістердің бірнешесін қолданып көріңіз. Тек сонда ғана алған затыңыздың сапалы екендігіне көз жеткізесіз.

Оқи отырыңыз: 

Аяқ киім қажамас үшін

Науқасқа жедел көмек көрсете біліңіз!

Бомберлерді үйлестіріп кию тәсілдері

Жанармайдың сапасыз екенін қалай анықтауға болады?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:pixland.uz, be-in.ru,blackeagle.com.ua,club_people_ru.

Н. Нұрмаханұлы