Жанармайдың сапасыз екенін қалай анықтауға болады?

Жанармайдың сапасыз екенін қалай анықтауға болады?
Фото: ОТВ

Назарларыңызға жанармайдың сапасын тексеруге арналған бірнеше кеңес ұсынамыз. 

1. Ең жеңіл әдісі: таза қағазды жанармай арқылы сәл дымқылдатып жібітуіңіз керек. Қағаз бетіндегі сұйықтықтың жоқ болғанын күтіңіз. Егер қағаз сиқы бұрынғыдай болса, онда оны сенімді түрде қорықпай көлігіңізге құя берсеңіз болады. Ал егер қағазда майлы дақтар пайда болса, ол жанармайдың артық қоспа бөлшектері бар екенін көрсетеді. Мұндай жанармайды қолданбаған жөн.

2. Енді жанармайды шайырлығына (смола) байланысты тексеру керек. Ол үшін сіз бір тамшы жанармайды шыны бетіне тамызасыз. Одан кейін түскен тамшыны өртеп көріңіз. Пайда болған ақ дақтар, шайырдың мүлдем жоқ екендігін білдіреді. Болғанның өзінде де белгілі бір нормадан аспайды. Егер жанған тамшының түсі сары немесе қоңыр түстес келсе, жанармай тиісті мөлшерден әлденеше рет артып кеткен және де осы әдіспен тағы бір нәрсенің ара-жігін ашса болады. Мысалы, шыныда қалған бірнеше тамшы дизельді майдың қосылғандығын айтады.

3. Сырты жылтыр келген жанармай толтырылған шөлмекті алып, күн сәулесіне қаратып көріңіз. Сұйықтық сарғыш түстес болуы керек. Жанармай шөлмегіне марганец ерітіндісін қосып, түсін қайта тексереміз. Егер оның түсі қызғылт түске айналса, жанармайға су қосылған.

4. Жанармайды құрғақ теріңізге тамызып, саусағыңызбен уқалаңыз. Егер тамызған жеріңіз құрғақ күйінде қалса, онда жанармай сапалы деген сөз. Қолыңызда майлы іздер қалса, оның арты көлігіңізді бұзылуға апарып соқтырады.

5. Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған адамдар жанармайды иіскеп те біле алады. Жанармайдан бөлінген күкірт иісі күкірт сутегісінің қосылғандығы туралы мәлім етеді. Жанармайға нафталиннің де қосылуы әбден мүмкін. Біздің кеңес – мұндай жанармайды сатып алудың еш қажеті жоқ.

Н. Нұрмаханұлы