«ОК» аббревиатурасының тарихын білесіз бе?

«ОК» аббревиатурасының тарихын білесіз бе?

"OK" – америкалықтардың қолданысына еніп кеткен тіркес сөздің аббревиатурасы. Ол адамның қуанғанын білдіргенде (мұнда көлігіңе бос орын бар екен! ОК!), объективті пікірін айтқанда (Кино қалай екен? Кино, орташа ... ОК!), қасындағы адамның ойын басқа нәрсеге аударғанда (ОК. Енді біз мына тапсырманы орындауымыз керек.) тағы да өзге жағдайларда қолданылады.

Тіркестің семантикасы мен этимологиялық шығу тегін зерттеуші ғалымдар көптеген болжамды алға тартады:

  • Гаити тұрғындары (жергілікті үндістердің тілінде) – «Aux Cayes», АС
  • Луизиана штатының тұрғындары (француздары) – «au quai», AQ
  • Пуэрто-Рико тұрғындары (испан тілінде) – «Aux Quais», AQ
  • Неміс тілінде – «alles korrekt » немесе «Ober-Kommando», AK және OK
  • Миссисиппи штатының тұрғындары (Чокто тілі) – «okeh», OK
  • Шотланд тілінде – «och aye», OK
  • Сенегал тұрғындары (волоф тілі) – «waw kay», WAK
  • Грек тілінде – «olla kalla», OK
  • Латын тілінде – «omnes korrecta», OK

Қоса кетсек, XIX ғасырда Нью-Йорк наубайханаларының жұмысшылары өздері пісірген нандарына осындай белгі қойған екен. Ал кеме жасаушылар кеме дайын болған кезде, оның сыртына «сыртқы киль» (outer keel) деп жазудың орнына «OK» деп қана қоятын болған. Нәтижеде «ОК» кеменің сыртқы пішінін емес, оның дайын болғанын көрсететін белгіге айналып кетеді.

«ОК» аббревиатурасын толық зерттеген Аллан Меткалф «OK: The Improbable Story of America's Greatest Word» атты еңбек жазып шығады. Жалпы тұрғыдан қарағанда, біз бұл аббревиатураның Бостондағы жергілікті газеттің редакторы жазған мақаласындағы әзіл сөз тіркесінен басталғанын ғана білеміз. Дегенмен, ағылшын тілінің профессоры Меткалф мырза оның басқа да тарихи оқиғалармен байланысы бар екенін айтады.

Барлығы әзілден басталды

1839 жыл, 23 наурыз. Сенбі. «Бостон Морнинг» газетінің редакторы "Anti-Bell Ringing Society" деп аталатын компания туралы сатиралық мақала жазады. Сол мақаладан үзінді келтірсек:

The "Chairman of the Committee on Charity Lecture Bells," is one of the deputation, and perhaps if he should return to Boston, via Providence, he of the Journal, and his train-band, would have his "contribution box," et ceteras, o.k.all correct—and cause the corks to fly, like sparks, upward.

Оқырмандар «o.k.», нақтылап кетсек, «all correct» (бәрі дұрыс) аббревиатурасын редактордың сауатсыздығы емес, оның тапқырлығы деп бағалайды. Себебі, американдықтар өте позитивке құмар болғандықтан, дұрыс бағалап, кең қолданысқа енгізіп жібереді. Содан кейін, тіркестерді осылай қысқарту сәнге айналады. Мысалы:

  • i.s.b.d (it shall be done) – «мынау жасалуы керек»
  • r.t.b.s (remains to be seen) – «мынаны көрген болармын»
  • s.p. (small potatoes) – «кішкене қартоп»

Бұл қысқарған сөздер қазіргі OMG, LOL и tl слэнгтік аббревиатуралардың арғы атасы болған.

«OK» сәттілікке жол ашады

1840 жылы АҚШ Президентін сайлау кезінде, үміткер Мартин ван Бюреннің қолдаушылары «OK (Old Kinderhook)» қоғамын құрады. Аталған қоғам Харрисон есімді тағы бір үміткердің сайлаушылар тобымен бірнеше рет ұрысқа келіп қалғаннан кейін, тіркес ұранға айнала бастайды.

Ал XIX ғасырдың ортасына қарай, телеграфтық хат алмасу дами бастайды. Телеграф болғасын, өздеріңізге белгілі, ақпарат немесе хабарламаны барынша қысқа жазып жөнелту қажет. Бұл жолы да «ОК» көмекке келеді. 70 жылдарға орай, қысқартылған тіркес телеграф операторларының күнделікті қолданысына еніп үлгереді. Бірақ Меткалфтың айтуы бойынша, «ОК» тіркесінің әмбебап және халықаралық деңгейге жетуі XX ғасырда жүзеге асыпты. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: ©Massaget.kz

Ж. Өрісбай