Жадыңызда болсын – 4

Жадыңызда болсын – 4

Жасымыз ұлғайып, көпті көрсек те, өмірдің бізге үйретері көп. Оның барлығы да біздің бақытты өмір сүруіміз үшін қажет. Ал қай кезде өзімізді бақытты сезінеміз? Психолог мамандар бұл сұрақтың жауабын тапқан сияқты. Назарларыңызға өмірдің 65 заңын ұсынамыз. 

1. Әр күніңізді барға қанағат етуден бастаңыз.

2. Шамамен сағат 5 немесе 6-да тұрыңыз.

3. Күніне 1,5 – 3 литрдей су ішіңіз.

4. Күнделікті душқа түсіңіз.

5. Күніңізді жоспарлаңыз.

6. Алдыңызға мақсат қойыңыз, бірақ оған тым қатты берілмеңіз.

7. Достарыңыз бен дұшпандарыңызды кешіріңіз. Біз мінсіз емеспіз, сондықтан өзгенің де мінсіздігіне көз жұма қарауымыз керек.

8. Күніне кем дегенде 15 минут таза ауада жүріңіз, дұрысы 30-60 минут.

9. Тамақтан кейін бірден ішпеңіз.

10. Негативті ортадан бойыңызды аулақ салыңыз.

11. Немесе әдепсізден әдепті болуды үйреніңіз.

12. Арманыңызға адал болыңыз.

13. Жаныңызда тек тұлға болып қалыптасуға септігі тиетін жандар жүрсін.

14. Спортпен күнделікті айналысыңыз.

15. Дағдарыс кезінде минимум бағдарламасын орындаңыз.

16. Кәсіби біліктілігіңізді арттыратын мұғалімнен сабақ алыңыз.

17. Жұмыс істеп, рахаттаныңыз.

18. Жұмысыңыз мақсатыңызға жақындатып, мансап жолында жоғарылауға көмектесетін болса, ұнамаса да сол жерде қалыңыз.

19. Ал егер жұмысыңыз ұнамағанымен қоймай, мақсатыңызға еш қатысы болмаса, бірден бас тартыңыз.

20. Өзіңізге сеніңіз.

21. Күнделікті көбірек терең тыныс алыңыз.

22. Тілек тілеп, адамдарға көмектесу арқылы рухани тазарыңыз.

23. Сүйікті әндеріңіздің қатарын үнемі толықтырып, энергетикалық толысу қажет болған кезде тыңдаңыз.

24. Барлық салада тек мықты мұғалімді тауып, содан ғана үйреніңіз.

25. Табысыңыздың 10%-ын қайырымдылыққа беріңіз.

26. Мақтан сөзге ермеңіз. Әсіресе командалық жұмыс кезінде.

27. Біреу мақтаса, ұстамды болыңыз, сын айтса, түсіне біліңіз.

28. Есіңізде болсын: Қандай жақсы іс істесеңіз де, әйтеуір көңілі толмайтын бір адам табылады. Бұдан қашып құтылу мүмкін емес.

29. Табысқа жетсеңіз, жеңістің дәмін татқаныңыз үшін алғыс айтыңыз. Ал ұзақ жолда сүрінсеңіз, тәжірибе жинақтағаныңыз үшін қуаныңыз.

30. Кейде өзіңізге бала секілді қуануға мүмкіндік беріңіз.

31. Ең маңыздыны әрдайым бірінші жасаңыз.

32. «Екі қоянды бір оқпен ату» тәсілін пайдалануды үйреніңіз. (Мысалы, спортпен айналысып жүріп, аудио кітап тыңдау, үй жинап жүріп, би билеу).

33. Жұмысыңыз бақыт әкелсін десеңіз, өзіңіздің не бере алатындығыңызды ғана ойлаңыз. Қанша ақша алатыныңызға мүлдем мән бермеңіз.

34. Алдыңызда кездесетін қамалдан қорықпай, алға қадам басыңыз.

35. Кез келген істе мықты маман болу үшін кем дегенде 10 000 еңбек сағаты қажет екенін ұмытпаңыз.

36. Күнделікті жақсару, шыңдалу алып жеңіске әкеледі.

37. Адамдармен өзіңіз бірінші болып амандасып, күлімсіреңіз. Мұндай кеңпейілділікке тек мықты адам ғана бара алады.

38. Ең лайық стандарт – барлығынан да жақсы болу.

39. Потенциалыңызды жоғарылатуға ат салыспайтын адаммен оңай қоштасыңыз.

40. Егер бұл туысқандарыңыз болса, оларды сол күйінде қабылдаңыз. Олар еш уақытта өзгермеуі мүмкін.

41. Дұрысы ешкімді де өзгертуге тырыспаңыз. Бұл бақытсыздыққа жол ашады.

42. Шабыт салауатты өмір салтын сақтаушыларға ғана келеді.

43. Қарныңыз аш, ал жасайтын қозғалысыңыз аз болса, жұмысқа деген қабілетіңіз төмендейді.

44. Жаныңызға жақын адамдар үшін «лифт» қызметін атқарыңыз. Оларды көтеріңіз.

45. Сынға түсіністікпен қараңыз. Бұлар әлі толық жетіліп үлгермеген, өшін өзге жаннан алуды жөн көретін адамдар.

46. Ал егер сын орынды болса, оны жанашыр досыңыздай көріңіз. Ол адам сізге көтерілуге көмектессе, сіз де өз кезегіңізде оған қол ұшын беріңіз.

47. Өткен өміріңіз бен алдыңыздағы болашағыңыз – қазір қолыңызда бардың айнасы ғана.

48. Мотивация сіздің ішіңізде болуы тиіс. Оның жоқ болуының тек екі себебі ғана бар. Бірі – энергияңыз сарқылды, екіншісі – өзіңізге қажеті жоқ іспен айналысудасыз.

49. Көңіл-күйіңіз болмаған кезде, ең маңызды деген шешімді қабылдамағаныңыз абзал. Ең алдымен қалыпты жағдайға түсіп, артынша ары қарай қалай өмір сүретініңізді ойластырыңыз.

50. Поштаға келетін хатты көп дегенде күніне 2 рет оқыңыз.

51. Сөздің адамға қанат сыйлап, ұлы армандарды бұзу қабілеті бар. Сондықтан оны махаббатпен әрі асқан қырағылықпен таңдаңыз.

52. Бір адамды жақсы көрсеңіз, оған өзін қалыптастыруға көмектесіңіз. Тіпті бұл сіздің пікіріңізге қарсы болатын болса да.

53. Жалғыздықтың рақатын сезіне біліңіз.

54. Жаңа әдет қалыптастырып, жаңа хоббимен айналысуға еш уақытта кеш емес. Дүниетанымыңызды кеңейтетін нәрселерді үнемі іздей беріңіз.

55. Өзгеге дұрыс жолды тауып, қанат бітіру – ұлы іс.

56. Табыс күнделігін жазыңыз. Әсіресе ең көп айналысып жүрген ісіңізге байланысты.

57. Өзіңіз келіскен істі міндетті түрде орындаңыз. Ол үшін 100% сенімді болмасаңыз, уәде бермеңіз.

58. Өсек сөзден қашыңыз.

59. Экономика мен саясатқа қатысы бар жаңалықтарды бақылап отырыңыз.

60. Бірақ ең бірінші әлемді танып, оның заңына сәйкес өмір сүру керек.

61. Ақыл мен жылдамдықты қатар ұстаңыз.

62. Өміріңіздегі барлық маңызды сәтті анализдеп отырыңыз. Одан қандай сабақ алдыңыз?

63. Пайдалы тағамдарды тұтыныңыз.

64. Өзгенің сәтсіздігін талқыламаңыз.

65. Адам болып келген соң, адам болып өмір сүріңіз.

Аударған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет авторлары: Рахат Ғазитолла, Ерлан Омаров, Қайсар Шерім, Сәрсенбек Қызайбекұлы, Ермек Сарбасов

(Сурет өңделген)

Қ. Бүйенбай