Көктемде жасалуы керек қадамдар

Көктемде жасалуы керек қадамдар

Көктем – жылдың ең әдемі, ең сұлу, ең жайлы мезгілі. Табиғат ояна бастағаннан қысқы тоңдарымызды тастап, жылы әрі ашық түсті күртешелерімізді, жібек шәлілерімізді тағып шығуға асығамыз. Иә, көктем – сыртқы келбетің мен ішкі әлеміңді өзгертудің, жаңартудың маусымы. Ендеше төмендегі тізім бойынша қадам жасап көрелік. Көктемде не істеп үлгеру керек?

 Бас киімсіз жүретін маусым болғандықтан, шашты ретке келтіруден бастаңыз.

♥ Дене пішініңізді қалпына келтіріңіз, артық салмақтан құтылып, салбыраған ішпен қоштасыңыз.

♥ Бақтарға жиі барыңыз. Құстардың өмірін тамашалаңыз, оларды тамақтандыруға қалай қарайсыз?

♥ Бәйшешек іздеңіз. Оның иісінің өзі адам жанын рақатқа бөлейді.

♥ Ашық түсті, гүлді өрнектері бар шәлі сатып алыңыз.

♥ Дәрумендер қабылдаңыз, жеміс пен көкөністі көп жеуге тырысыңыз.

♥ Қалада тұрсаңыз велосипед немесе роликті жалға алып, серуен құрыңыз.

♥ Көшеде көп жаяу жүруге тырысыңыз.

♥ Жазғы демалысқа дайындықты бастаңыз: демалыс орнын іздеу, билет алу, құжат, виза жасату.

♥ Көрмелер мен мұражайларға бас сұғыңыз.

♥ Күнделікті тамақтану тәртібіңізге өзгерістер енгізіңіз. Отбасыңызды да осыған бейімдеңіз.

♥ Балконға гүл қойып, әдемі орындық орналастырып, газет-журнал, кітап оқитын бұрыш ұйымдастырыңыз. Немесе аулаға қойыңыз.

♥ Сергітетін көңілді әуендер тыңдаңыз.

♥ Соңғы қардан аққала жасап, суретке түсіңіз. Ал дала көгерген болса, көктемгі фотосессия жасаңыз. Бет әлпетіңізді, киіміңізді ретке келтіріп, қаланың ең әдемі жерлеріне суретке түсіңіз.

♥ Күн жыли бастасымен, аулаға, тауға серуенге шығыңыз, достарыңызбен кәуап пісіріп, гитарамен ән айтуға болады.

♥ Алдағы келе жатқан 9 мамыр мерекесін назардан тыс қалдырмаңыз.

♥ Жаңа курстарға жазылыңыз (би, аспаздық, тоқыма). Көктем – жаңа жобалар үшін таптырмас кезең.

♥ Көктемнің әрбір шуақты күнінен ләззат алуға тырысыңыз.

♥ Көктемгі жеңілдіктерден қапы қалмаңыз.

♥ Күлкі күніне әдемі әзілдер дайындаңыз.

♥ Ашық аспан астындағы дәмханаларға бас сұғып, жақсы көретін адамдарыңызбен бір шыныаяқ шәй немесе кофе ішудің өзі неге тұрады?

♥ Компьютердегі жұмыс үстеліңіздің бас суретін ашық түсті суреттерге, гүлдерге ауыстырыңыз. Ұялы телефоныңызға да осы өзгерістерді енгізуге болады.

♥ Жаңа макияж түрін, жаңа шаш үлгісін ойлап табыңыз. Иіссу да өзгеріске түсу керек. Гардероб да қалыс қалмасын.

♥ Ұнамайтын жұмысыңызды ауыстырыңыз, өз ісіңізді бастаңыз, кітап, күнделік жазуды қолға алуға да болады. Қысқасы, шығармашылық, кәсіби жұмыстарыңызды жақсартыңыз.

♥ Психологтың кеңесіне жүгініңіз.

♥ Жақындарыңызға, сүйіктіңізге, балаларыңызға жақсы көретіндігіңізді айтыңыз.

♥ Әйтеуір бір мемлекеттің тілін, мәдениетін, дәстүрін танып-білуді қолға алыңыз. Тым болмаса, есте сақтау қабілетіңізді сынап, әртүрлі елдердің астаналарын қайталаңыз.

♥ Сыйлық жасаңыз! Тек қана мерекеде емес, қарапайым, шаттыққа толы күндері жақын адамдарыңызға сый жасау керемет іс.

♥ Көктемгі көңіл күй сыйлайтын фильмдерді көріңіз. Қандай дейсіз бе? "Өзеннің арғы бетіндегі көше көктемі" көңіліңізден шығатындай...

♥ Өзіңізді қуатыңыз! Мейлі ол СПА салон болсын, мейлі 15 минуттық тыныштық болсын...

♥ Денсаулықтың маңыздылығын ұмытпаңыз. Дәрігерге қаралыңыз, тексерістерден өтіңіз.

♥ Ғашық болыңыз! Кімге?! Арманыңыздағы ханзадаға!

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com