Өміріңізге қажетті ережелер

Өміріңізге қажетті ережелер
  • Күріш қосылған тағамды көп жеңіз.
  • Адамдарға олардың күткенінен көбірек беріңіз және оны жан жүрегіңізбен жасаңыз.
  • Жаныңызға жаққан өлеңді жаттап алыңыз.
  • Естігеннің бәріне сене бермеңіз, өзіңізде бардың бәрін жұмсай бермеңіз, шаршағанша ұйықтамаңыз. 
  • "Мен сізді сүйемін" дегенде, шын ойыңыз да солай болсын. 
  • "Өте өкініп тұрмын" деп айтқанда адамның көзіне қарап айтыңыз.
  • Бір көргеннен сүюге сеніңіз.
  • Көрген түсіңізді жоққа шығармаңыз.
  • Сүю сезіміңіз терең болсын. Сізге ауыр тисе де, шыны сол - толыққанды өмір сүрудің жалғыз жолы осы.
  • Күресіңіз әділетті болсын, қарсыластың шамына тимеңіз.
  • Адамдарды туыстарына қарап бағаламаңыз.
  • Тез ойлап тұрып, жай сөйлеңіз.
  • Сіз жауап бергіңіз келмейтін сауал қойылса, күле қарап: "Мұны неге білгіңіз келіп тұр?" деп сұраңыз.
  • Үлкен махаббат пен үлкен жетістіктер үлкен тәуекелді қажет етеді. 
  • Анаңызға қоңырау шалып тұрыңыз. Егер ол мүмкін болмаса, анаңызды есіңізге ала жүріңіз. 
  • Біреу түшкіргенде, саулығын тілеңіз.
  • Жеңілсеңіз, содан үлгі алыңыз.
  • Мына үш нәрсені ұмытпаңыз: Өзіңді құрметтеу, Өзгелерге құрметпен қарау, Өз ісіңе жауапкершілік. 
  • Үлкен достықты кішкене кикілжіңнің бұзуына жол бермеңіз.
  • Қате жасап алғаныңызды түсінген кезде оны жөндеуге барынша тезірек кірісіңіз.
  • Телефонмен сөйлескенде жымиып тұрыңыз, қоңырау шалушы оны сіздің даусыңыздан сезеді. 
  • Өзіңіз сөйлесуден жалықпайтын адаммен тұрмыс құрыңыз. Өйткені уақыт өте келе, сөйлесу басқа әдеттерден маңыздырақ болатын кез келеді.
  • Баз бір кездерде жалғыздықта болуды да әдет етіңіз.
  • Өзгерістерді қабылдай тұрып, өз құндылықтарыңыздан ауытқымаңыз.
  • Кей-кейде үндемей қалудың өзі - жауап.
  • Кітапты көбірек оқып, теледидарға азырақ қараңыз.
  • Өміріңіз ізгі әрі әділ болсын. Сонда қартайған шағыңызда өткен күндерді еске түсіргеніңізде, өміріңізден қайтадан рахат алатын боласыз.
  • Өз үйіңізде жақсы көңіл-күй болуы өте маңызды.
  • Үйіңіз тыныш, әрі жайлы болуы үшін бар күшіңізді жұмсаңыз.
  • Жақын-жуықтардың бірімен келіспей қалсаңыз, онымен тек өткінші мәселелерді ғана талқылаңыз.
  • Өткенді қазбаламаңыз.
  • Оқыған сөздердің астыртын мағынасына да үңіліңіз.
  • Біліміңізбен бөлісіңіз. Бұл - мәңгілік жолы.
  • Біздің ғаламшарымызға мейірлі болыңыз.
  • Табиғи қалыпта болыңыз. Табиғаттың дыбысына құлақ түріңіз.
  • Бұрын болмаған бір жерлерге жылына бір рет шығып тұруға тырысыңыз.
  • Ақшаңыз көбейсе, қайырымдылық жасаңыз. Ол - тағдырдың сізге бұйыртатын ең жақсы сыйы. 
  • Кейде "жетістікке жете алмай қалудың" өзі - жетістік.
  • Ережелерді байқалтпай бұзу үшін оларды есте мықтап сақтаңыз.
  • Біреудің біреуге деген махаббаты бірге болу қажеттілігінен маңыздырақ, жақсы қарым-қатынас деген сол.
  • Жетістіктің деңгейі сіз оған жету үшін қандай нәрселерден бас тартқаныңызбен де өлшенеді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: news.uklon.com.ua  

Л. Лига