Жұмыс және мен

Жұмыс және мен

Қашан да болса жұмысқа қабілеті бар адамдардың 20 пайызы қандай жағдайда да жұмыс істейтіндер, 15 пайызы еш уақытта жұмыс істемейтіндер, ендігі 65 пайызы стимул болғанда ғана жұмыс істейтіндер.

* * *

Өзбектерде "бекер жүргенше, бекер істе" - деген мәтел бар (бекер сөзін өзбекшеден қазақшаға аударғандағы мағынасы - тегін). Сол рас, тым болмаса жұмыс үйренесің, уақытың босқа кетпейді, қабілетің мен жұмыскерлік қалпыңды айнытпайсың, тәжірибең артады.

Жолың бір болмаса, бірге жоспар жасама.

Жігіт адамға бас кесір - еріншектік, ортаншы кесір - ұйқышылдық, кенже кесір - кедейлік кесірлік" - дейді Төле би. 

"Өзің жете алатын нәрсені құдайдан сұрап қайтесің" - депті Эпикур. 

Істеп жүрген жұмысыңнан бақыт табам десең, оның үш шарты орындалсын;

бірінші, атқаруға тиіс жұмысыңа шамаң келетін болсын,

екінші, ол жұмысты шектен тыс ауырламайтын бол,

үшінші, істеген жұмысыңның қорытындысы болсын" деген Рескин.

* * *

Эврей халқында мынадай қасиет бар: олар өзін-өзі зерттей, тани жүреді. Жастары білім алған соң он-он бес жыл түрлі, бір-біріне ұқсамайтын жұмыстарды істеп өзінің қабілетін, қандай іске қызығатынын өзі тексереді. Сөйтеді де жақсы білетін, жақсы көретін, осы салада өз мүмкіндігімді толық игеремін-ау дегенін ұстайды, біреуі саясатты, біреуі дінді, біреуі кәсіпкерлікті, біреуі етікшілікті таңдайды, бірақ әрбірі өз ісінде жетістікке жетеді, сол істе үздік болуға ұмтылады.

* * *

Зимерги заңы: Қажет болмай қалған жұмысты істеп тастауға дайын адамдар көптеп табыла кетеді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: blog.trabajando.pe

Л. Лига