Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Өмір сүруге кеңес

Өмір сүруге кеңес

Өмір сүруге кеңес

Махаббат парасатсыз болуы мүмкін және ол онсыз өмір сүре алады, ал парасат махаббатсыз өмір сүре алмайды...

* * *

Бірінші: өзің үшін өліммен бетпе-бет келер қиын жағдайда оны бағалауды тоқтата тұру керек, өзіңнен өзің "соңы қалай болар екен, аман қалар ма екенмін" деп сұрама. Болған іс биік Еріктің ісі екенін біл. 

Екінші: ешқандай бақытсыздық немесе тағдырдың сынағы адамды езіп тастау үшін берілмейді. "Құдай адамға шамасы келмейтін салмақ салмайды" деген мәтелдің мағынасы осында. 

Үшінші: қиыншылық түскен кезде еш уақытта қорқуға я өкінуге, не ашулануға болмайды. 

Төртінші: қандай жағдай болып қалса да, алдымен және жаңынды сала көкірегіндегі Құдайға деген махаббат сезімін сақтап қал.

Ізгілік, қиын кезде көмек беруді көңіліңнің қалап тұруы Құдайға ұмтылудың қосалқы түрі. 

* * *

Адамзат баласының үш досы болады.

Біріншісі - тұрақсыз дос, ол - соңынан салпақтап жүріп жинаған дүние-мүлкің. Ажалдан хабар келгенде сені тастап, басқа біреудің қолына көшіп кете барады.

Екіншісі - ата-ана, жұбайың, балаларың, дос-жарандарың. Олар - саған мазар басына дейін еріп барар, содан кейін бет-бетіне кетер, бірте-бірте ұмытар.

Үшіншісі - бұл дүниеде жасаған жақсылығың, істеген қайырымды істерің, қалдырған сөздерің. Олар сен туралы сөйлеп тұрады. 

Біздің өмірге көзқарасымыз, оны нақты қабылдауымыз әртүрлі. Бір затқа қарасақ, әртүрлі нәрсені көреміз. Өйткені ойымыз әртүрлі.

Сонда да, бәрімізді біріктіретін бір нәрсе бар: біз шындықты іздейміз. Жақсымыз да, жаманымыз да.

Автор: Әкежан Дәкен

сурет: vk.com

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 20 мамыр 2014, 12:39
Пікірлер
+0
20 мамыр 2014, 12:46

бірақ адамдар сол шындықты естігенде неге әрекет жасамайды деп таңғаламын, демек, мақсаты шындықты іздеу болмағаны ғой... айтпақшы, жоғырадағы мәтел емес 8-)

+0
21 мамыр 2014, 00:21

адамның мақсаты өмірден қызық және жеңілдік іздеу көбінесе ;)

+0
20 мамыр 2014, 15:18

Біздің өмірге көзқарасымыз, оны нақты қабылдауымыз әртүрлі. Бір затқа қарасақ, әртүрлі нәрсені көреміз. Өйткені ойымыз әртүрлі.

+0
20 мамыр 2014, 18:34

қандай жағдай болып қалса да, алдымен және жаңынды сала көкірегіндегі Құдайға деген махаббат сезімін сақтап қал

+0
24 мамыр 2014, 21:14

Адамзат баласы өзінің мақсатына жеңіл қарайды бәрі дайын болып шыға қалатын сияқты әрине уйде жатып армандай беру оңай жердегіні бітірмей жатып көкке қол созамыз және жоғарғыдыға мәтел емес ол құраннан алынған аят

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.