Теледидарға айналған бала...

Теледидарға айналған бала...

Жан тебірентер кезекті шағын дүние. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Ерекше тілектің иесі туралы оқиға.

* * * 

Бірде мұғалім жоғары сынып оқушыларына мына тақырыпта шығарма жазуларын өтінді - "Құдай қалап жатса, кім болғыларың келер еді? Неге айналар едіңдер?"

Үйге келіп, кешкісін шығармаларды қарауға кірісті. Барлық шығармаларды алаңсыз қараумен болар ма еді, кенет қолына көңіл-күйін бұзған бір шығарма іліне кетпегенде. Көңіл-күйі нілдей бұзылды да, жылап отырып қалды. Артынша күйеуі келіп кірді, әйелі ебіл-дебілі шығып жылауда екен.

- "Не болды?" - деп сұрады күйеуі.

- "Оқышы," - деді ол, бір баланың шығармасына қол созып. - "Құдай Тағалам, мен Сенен бүгін ерекше тілекті өтініп көрмекпін: теледидарға айналдыршы. Мен оның орнына барып тұрсам деймін. Біздің үйдегі теледидардың ғұмырындай өмір сүргім келеді. Ерекше орынды иемденіп, отбасымды айнала жинап алғым келеді. Мен сөйлеген тұста сөзімді бөлместен және сұрақ қоймастан тыңдаулары үшін. Үнемі басты назарда болу үшін. Ол (теледидар) бұзылғанда қалай жұмыс жасаса, менімен де дәл солай жұмыс жасағанын қалаймын. Үйге кештетіп келген, тіпті, шаршап келгеніне қарамастан, әкеммен бір ортада болғанды тіледім. Менің шешем мені елеп-ескермеу үшін алдыма келіп, жалғыз қалсын мұңайған сәтінде. Ара-тұра ата-анам барлығын бір шетке ысырып қойып, аз уақытқа болса да менімен бірге болсын дедім. Құдайым, көп нәрсені сұрамай-ақ қойдым... Маған тек кез келген теледидардың ғұмырындай ғана өмір сыйлашы".

"Сұмдық-ай! Байғұс бала!" - деп мұғалім қатты дауыстап жіберді. - "Қандай ғана ата-ана болды екен?!"

Ал ол болса, әлі жылау үстінде еді:

- "Бұл шығарма біздің ұлдыкі болатын..." - деді.

* * *

Ал егер Құдай қалап жатса, басқа затқа айналар ма едіңіз?

Сурет: www.zastavki.com 

Дайындаған:  Фараби Арыстанбек

Л. Лига