Жылату оңай, жұбату қиын

Жылату оңай, жұбату қиын

Жігіті немесе қызы тастап кеткен дос-құрбыңыз жылаған сәтте қалай жұбатпақсыз? Жұмыстан қазір ғана шығарып жіберген адамды қалай жұбатуға болады? Егер сіз біз ұсынған кеңеске құлақ түрер болсаңыз, онда көңілі бұзылған замандасыңызға бір септігіңіз тиіп қалар.

* * * * 

1. Іштегі шерді түгелімен ақтарсын. Егер әлгі адамның әңгіме бастар ауаны байқалмаса, болған нәрсенің бәрін айтып беруге ұсыныс тастаңыз. Тыңдаңыз, сөзін бөлмеңіз. Бұл өте маңызды, өйткені «Берік бол», «Мұның бәрі жай ғана түкке тұрмайтын нәрселер ғой» немесе «Ұстамды бол!» деген сөздер көбіне көмек болмайды, керісінше, адамды ренжітіп жатады. Айтушының көңіл-күйінде проблемаға бей-жай қарап отырған кейіпте көрініп, сол уақытта өзгертуге бастайтын кеңес берудің орнына жазғырып жатқандай әсерде қалдырасыз. Ең дұрысы, қатарласыңыздың сөзін бөлмей тыңдап, ара-тұра бас изеу арқылы жағдайына кіріп көріңіз. Сонда барып ол басыла бастайды.

2. Егер қатарласыңыз бір күліп, бір жылап жатар болса, онда төзімділік танытыңыз. Жынды есірігі адамды сол сәтте ішке жиналған барлық запыраннан құтқарсын – соның арқасында ол эмоциялық хал-жағдайдан арылмақ. Егер досыңыз басылыңқырап, қысылып отырса, былай деп айтыңыз: «Ішкі сезімнен қысылма, іште жатқанның бәрін сыртқа шығар».

3. Айтушы сіздің қодауыңыз бен жеке басының жалғыз еместігін түсінсін. Құшаққа алыңыз, өзіңізге таман тартыңыз немесе қолынан ұстаңыз. 

4. Өзіңізден бір көмектің керек-жоқтығын сұраңыз. Иә, әрине, сол сәтте бар қиындықты шешіп тастамаса да, бос өткен уақыттың тұздығы іспетті болады. Немесе дайындап берген дәмді астай.

5. Ұстамасы бір сағаттан артыққа жалғасып кетсе, не істеуге болады? Онда былай деңіз: «Егер саған ауыр болса, жыла. Бірақ, нені сұрасам, соны айтуға тиісті екеніңді жадында ұста. Қолымда тұрған не нәрсе, қарашы?» Адам біртіндеп ең қарапайым сұрақтарға да жауап бере бастайды, яғни бас ми бөлігінің оң жақ шеті іске қосылып, нәтижесінде эмоцияға жауапты сол жақ жартышарды істен шығарады. Бұл дегеніміз, аффиктивті күш-қуат бәсеңдейді деген сөз.

6. Ұзақ уақыт ұстама аралығында адамды ауыр әдіспен болса да қалпына келтіріп көріңіз: шапалақпен тартып жіберіңіз немесе күтпеген тұста қолын тартып қалыңыз немесе тағысын басқалай әдістермен. Өз-өзін қолға алуына көмектеседі.

7. Нені істемеген жөн? Ең алдымен, адамды оқытуға болмайды: «Мен саған айттым емес пе, одан қорғану керек деп/ сақ болу керек еді/ бұлай істемеген жөн. Бұның ақыры, сіз әңгіме ауанын өз жағыңызға аударып, сол арқылы көңіл-күйі бұзылған адам назардан тыс қала бармақ. Оның үстіне барлық дерлік қиындықтардың өз ерекшелігі болады және барлығын бір нәрсемен салыстыра беруге келмейді. Ең дұрысы, артық ақыл-кеңесті алып тастай отырып, досыңызға не көмек керек екенін сұраңыз.

* * * *

Аталған кеңестер сіздің қатарласыңызға тез тынышталуға және қиындықты шешуде ақыл-еспен ойлауына мүмкіндік аша түседі. 

Cурет:eva.tj 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига