Бақытты алыстан іздеме

Бақытты алыстан іздеме

Бірде кәрі мысық жас мысықты жолықтырыпты. Әлгі жас мысық өз құйрығын ұстай алмай, шеңбер түзе шыр айналып жүр екен.

Кәрі мысық орнынан қозғалмастан қарап тұра беріпті. Анау мысық болса айналған үстіне айналып, құлаған үстіне құлап, әр жолы құйрығын ұстау үшін қайта тұрып ұмтылған. 

– Неге өз құйрығыңның артынан қуып жүрсің?  – деп кәрі мысық сұрапты.

– Менің естігенім бойынша менің құйрығым – бұл менің бақытым екен. Міне, мен сол үшін оны қуып жүрмін.

Кәрі мысық сонда былай деген көрінеді:

– Әлгі сөзді жас кезімде маған да айтқан болатын. Көп күн бойы құйрық артынан жүгіріп, ұстап алуға тырысып көрдім.

Сонда тамақтанбаппын да, су да ішпеппін, құйрық артынан, әйтеуір, жүгіре беріппін. Әл-дәрменсіз құлап, қайта тұрып, қайта жүгіре жөнелетінмін. Артынан не керек, бір сәттерде анық долданып кеттім де, бет ауған жаққа жол тарттым да отырдым. Білесің бе, сосын менің нені байқағанымды?

– Нені? – деп сұрады таңданыспен жас мысық.

– Қайда сапар шексем де, құйрығымның артымнан еріп отыратынын көзім шалды.

Cурет: vk.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига