Тартымды түйіндеме жасауға арналған сервистер

Тартымды түйіндеме жасауға арналған сервистер

Жұмысты таныс арқылы іздейтін заманда өмір сүріп жатқанымызға қарамастан, түйіндеме жұмыс іздеуші үшін әлі де негізгі құжат болып саналады. Сондықтан түйіндеме жасауға үлкен жауапкершілікпен келген жөн. Word-пен жасалынған түйіндемелер бір-бірінен  аса ерекшелене бермейді. Сондықтан болар жұмыс іздеушілер тек жолдама хаттың көмегімен ерекшеленуге тырысып бағады. Айта кетсек, жұмыс беруші хатты көруге орташа есеппен бар-жоғы алты-ақ секунд уақыт жұмсайды екен. Осыны ескеретін болсақ, көркемдеп жазылған мәтін  - жұмыс берушіні өзіңе қаратудың тиімді жолдарынан еместігі байқалады. Сонымен, бірегей түйіндеме жасауға көмектесетін төрттікті назарларыңызға ұсынамыз.

Vizualize.me

Vizualize.me жобалаушылары бұрынғы жұмыс орындары тізімі мен үміткерлердің өзіне берген мінездемеден біржолата арылуды жөн көріпті. Ол үшін олар түйіндемені қызықтырарлық әрі қайталанбас инфографикаға айналдыруға мүмкіндік беретін сайт жасап шыққан. Жақсы түйіндеме жасау үшін бар болғаны таңдалған шаблон бойынша автоматты түрде инфографикаға ауысатын LinkedIn профайлі ғана қажет. Ақпаратты LinkedIn-нен басқа Twitter, Facebook-тен де импорттауға болады. Дегенмен, аталған сервистің бірнеше бәсекелесі бар. Олар да дәл осындай принциппен жұмыс жасайды. Атап айтсақ,Vizify.comRe.vu, Kinzaa.com.

Pathbrite 


Pathbrite жобалаушылары бірінші кезекте өмірінде тұңғыш рет жұмыс іздеп жүргендерге яғни студенттерге бет түзеген. Әдетте түйіндеме бұрынғы жұмыс орындарын атап өтумен байланысты, бірақ, еш тәжірибесі жоқ адамдар не істеулері қажет? Дәл осы сұрақтың жауабын аталған сервистен табуға болады яғни жұмыс іздеуші өзінің іскерлігі жайлы әрдайым жаңарып тұратын коллаж формасында айта алады.

Pathbrite-тегі жеке парақша – бұл жұмыс іздеушінің жеке тәжірибесі мен алған білімінің визуалды тарихы. Парақшада адам өзінің ерекшелігі мен шығармашылық потенциалын көрсете алатын нәрселерді, дәлірек айтар болсақ, мақтау қағаздарын, қандайда бір курстан өткенін куәландыратын сертификаттарын, ээселерін, фотосуреттерін, студенттік жұмыстарын жариялай алады.

ResumUP  

Бұл питерлік стартаперлердің жобасы. Сервис, біріншіден, Vizualize.me фунционалына ұқсас яғни түйіндемені инфографика формасында жасап шығуға мүмкіндік береді. Бірақ Vizualize.me-ден бір ерекшелігі - жасалған түйіндемені PDF форматында сақтауға болады. Екіншіден, сервис арқылы мансап жоғарылауының графигін құруға болады. Ол үшін қолданушы қазіргі таңда қандай қызметте екенін және болашақта қандай қызметке талпынатынын хабарлауы қажет. Сервис қажетті аралық кезеңдердің барлығын өзі толтырып, қазіргі таңда бос қызметтерді ұсынады. Ал бос орындар жұмыс берушілер тарапынан онлайн режимде жарияланып тұрады. Үшіншіден, ResumUP қажетті сала бойынша көмекші бола алатын адамдарды табуға көмектеседі. Бұл қолданушының Facebook пен LinkedIn-дегі байланыстарын анализдеуден кейін жүзеге асады.

Zerply 

Zerply – нағыз мамандарға арналған әлеуметтік желі. Сервис алаңында онлайн-түйіндеме жасауға және сіздің салаңызда қызмет атқаратын адамдарды табуға болады. Профайл негізін Facebook пен LinkedIn-ден импорттауға немесе анкетаны өз бетінше толтыруға болады. Осыдан соң безендірілу шаблонын таңдау қажет, ал қалған жұмысты Zerply өз мойнына алады.

Қолдануға оңай әрі көзге жағымды көрінетін бұл сервис сонымен қатар, өз жұмыстарыңыздың үлгілерін жариялауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Zerply  көптеген атақты компанияларға желі ішінен қажетті қызметкер тауып берумен де айналысады.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет:  serpeika.com 

Ж. FM