- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Іздегім де, көргім...
"Іздегім де, көргім де келмейді, маған қызық емес". Екі рет суррогат ана болған әйел өзі босанған балаларға сезімі туралы айтты
"Болашақ" суррогат аналар орталығында қызмет ететін, 2 рет суррогат ана болған Үмітжан "Мамский әңгіме" Youtube-арнасына берген сұхбатында босанған балаларға ешқандай аналық сезімі оянбайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, ол құрсағындағы сәбилерге тек жұмыс ретінде қарайды.
"Суррогат ана ретінде ең алғаш рет мен егіздерді босандым. Мен өтірік айтқым келмейді, бірінші рет бағдарламаға барып, жүкті болғаным расталған кезде мен ешнәрсе сезбедім. Яғни, құрсағымда бала өсіп келе жатқаны туралы ой болған жоқ. Мен бұған тек жұмыс ретінде қарадым. Әрине, ағзамда гормоналды өзгерістер болды, бірақ менің уайымым "анар шырынын қайдан алсам екен?" дегенге ұқсас болды. Кейінірек ай-күнім жақындап, босануға аз мерзім қалғанда мен уайымдап, күмәндана бастадым. "Өзім туған балаларды көрген кезде қандай сезімде болар екенмін?" деп ойланып жүрдім. Қорқыныш сезімі пайда болды. Негізі мен сезімге қатты берілетін адамдардың қатарынанмын, маған әрдайым жылулық керек және оны өзім де үнемі басқаларға көрсетемін. Суррогат аналар орталығына барып, келісімшартқа қол қойған кезде мені қабылдаған дәрігер "егер суррогат ана психологиялық тұрғыдан адекватты болатын болса, ешқандай аналық сезімі оянбайды" деп айтты. Алайда мен босанған кезде дәл сол дәрігер балаларды менің жанымда қалдырды, келісімшарт бойынша суррогат ана баланы көрмеуі керек. Сөйтіп ол балаларды көрген кезде менің ішімде жәй ғана мейірімділік сезімі болды, аналық сезім туған жоқ. Мен өз баламды босанған кезім есімде, ол уақытта мен босана салып, баламды құшағыма алуға асыққан едім. Бұл жолы олай болмады. Балаларды көріп, оларды менен алып кеткеннен кейін мені бірден босатты. Қазір мен ол балаларды іздегім де, көргім де келмейді, маған қызық емес", - деді Үмітжан.
Айта кетейік, бұған дейін басқа отбасыны қуанту: Қазақстанда суррогат аналарға қандай жағдай жасалатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мұсылмандарға брекет салдыруға бола ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә