Кейбір адамдар аяқта пайда болған варикозды тамырларды киім астында жасырып, қалаған киімдерін кие алмай, қиналып жатады. Осыған байланысты, тамыр мәселесін толығымен жоюға бола ма деген сұрақ әрдайым өзекті. Бұл сұраққа флеболог Антон Волков жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Варикозды тамырлар - бұл тамырлардың күрделі мәселесі, оны дер кезінде емдемесе, асқынып өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін. Варикозды тамырлар генетикалық бейімділікке байланысты болғандықтан, оны өзгерту мүмкін емес.
Бірақ кез келген адам аурудың басталуына себеп болуы мүмкін факторды өзгерте алады. Мысалы гиподинамия немесе отырықшы өмір салты. Қозғалыстың аздығы немесе отырықшы жұмыс аяқтардағы қанның тоқырауына, ол веноздық қабырғаның кеңеюіне әкеледі.
Маман аурудың алғашқы белгілері пайда бола бастаса, бірден дәрігерге баруды ұсынды.
Жақпа, гель немесе дәрі - мәселенің шешімі болмайды
Қазір медицинада варикозды емдеудің әртүрлі әдісі бар. Бірақ емнің мұндай түрін аурудың бастапқы кезеңінде ғана қолдануға болады. Бұл әдіс аурудың ерте сатысында оның алдын алуға көмектеседі. Алайда, олардың көмегімен варикозды тамырлардан толығымен құтыла алмайсыз. Егер тамыр деформацияланып, ондағы қан ағымы бұзылса, емнің жалғыз нұсқасы - хирургия.
Бүгінде ең танымал әдістер:
Лазерлік коагуляция - варикозды емдеудің ең озық, жарақаты ең аз әдісі. Мұнда қанның зақымдалған аймағын лазермен емдейді. Лазер тамыр қабырғаларын бір-біріне жабыстырып, қан ағымын сау тамырларға бағыттайды. Варикозды лазермен емдегенде артықшылықтары:
Минифлебэктомия - зақымдалған тамырды аяғындағы миниатюралық пункция арқылы алып тастау. Бұл хирургиялық араласудың жұмсақ түрі және диаметрі 3 мм-ден асатын тамырлардың кеңеюін емдеуге жарамды. Артықшылықтары:
Флебэктомия - тамырды кесіп алып тастау. Бұл варикозды емдеудің классикалық, сенімді, тексерілген әдісі. Емнің бұл түрі ауру тамырдың диаметрі өте үлкен болғанда, тамырлардан қан кетіп немесе басқа да төтенше жағдайларда қолданылады. Отадан кейін науқас ұзақ уақытқа ауруханаға жатқызылады.
Варикозды тамырларды біржола емдеуге бола ма?
Варикозды емдеудің барлық заманауи әдісі өте жоғары тиімділікпен ерекшеленеді. Алайда, сәтті отадан кейін де варикозды тамырлар қайта шығуы мүмкін. Оның алдын алу үшін гиподинамияның әсерін азайту керек.
Оны сіз өмір салтыныңызды түзетпей, жасай алмайсыз. Көбірек жаяу жүріп, жиі серуендеп, теңдестірілген тамақтану түрін ұстану және дене салмағын бақылау маңызды рөл атқарады. Салауатты өмір салтын ұстансаңыз, варикозды тамыр мәселесінің қайта пайда болу ықтималдылығын азайтасыз.
Айта кетейік, бұған дейін варикозға себеп болатын 7 қателік туралы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ақша үнемдеудің қандай жолдары бар?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!