Біздің денемізде көп нәрсе ұйқының ұзақтығы мен сапасына байланысты. Сондықтан дәрігерлер кез келген денсаулық мәселесін шешу үшін ең алдымен ұйқыны жақсартуға кеңес береді. Бұл кеңесті барлығы бірдей орындай алмайды, өйткені көпшілікті ұйқысыздық мазалайды. Ұйқысыздықтың біршама себебі бар, соған қарамастан дәрігер ұйқысыздықтан құтылуға көмектесетін қарапайым 3 жаттығуды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Сомнолог-дәрігер, профессор Роман Бузуновтың айтуынша, түнде нашар ұйықтаудың себебі темір тапшылығы болуы мүмкін. Егер ағзаңызға осы микроэлемент жетіспесе, ұйқыңыз қанбайды. Керек уақыттан ерте оянып, дабыл қоңырауына дейін ұйықтай алмауыңыздың да себебі осы.
Ал таңғы 3-4-те ерте оянып, қайта ұйықтай алмау көбінесе депрессиямен байланысты. Бұл бұзылыстың басқа белгілері байқалмауы мүмкін. Дегенмен Роман Бузуновтың сөзінше, ұйқысыздықтың әрбір екінші жағдайында ең көп кездесетін себебі - депрессия.
Жақсы ұйықтағыңыз келсе - жаттығу жасаңыз
Мариинск ауруханасының жаттығу залының нұсқаушысы Илья Тарасов ұйқыны жақсартуға және тез ұйықтауға көмектесетін 3 қарапайым, бірақ тиімді жаттығуды көрсетті.
Жаттығуды ұйықтар алдында тікелей төсекте жатып жасауға болады. Маман табыстың кілті - орындалудың жүйелілігі екенін ұмытпауға кеңес берді.
Бастапқы позиция: оң аяқты түзу, сол аяқтың тізесін бүгіп, сол қолыңызды алақаныңызды төмен қаратып, оң қолыңызды сол тізеңізден ұстаңыз. Сол тізеңізді оңға қарай тартыңыз, беліңізді бұраңыз, ал сол қолыңызды төсек бетінен көтермеңіз. Осы бұралған күйде 5 рет баяу дем алып, бастапқы қалыпқа оралыңыз. Дәл осы жаттығуды сол жақпен қайталаңыз. Жаттығуды әр бағытта 5-6 рет жасау керек.
Арқаңызда жатып, тізеңізді бүгіп, асқазан тұсына дейін тартып, екі аяқты қолыңызбен құшақтаңыз. Сосын иекті кеудеге қарай тартыңыз. Тасбақа позасында 5 рет тыныс алып, бастапқы қалыпқа оралыңыз. 5-6 рет қайталаңыз.
Тізеңізді бүгіп отырыңыз, қолыңызбен аяғыңыздың тізесін құшақтаңыз. Қолыңызды ашпай, аяғыңызды алға қарай тегіс түзетіңіз. Бұл позицияда 5 рет тыныс алып, бастапқы қалыпқа оралыңыз. Тағы 5-6 рет қайталаңыз.
Айта кетейік, бұған дейін күзде қандай спорт түрлерімен айналысуға болатыны туралы жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстан халқының саны 20 миллионға қашан жетеді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!