Ұйқысыздық - кең тараған проблема. Ол денсаулыққа, көңіл күйге және жұмысқа қабілеттілікке жағымсыз әсер етеді. Ұйқысыздық кезінде не істеуге болмайды?
Жылдам ұйықтап кету үшін алкоголь ішпеңіз
Алкоголь тыныштандыратын әсерге ие, сондықтан оны көптеген адам жылдам ұйықтап кету үшін ішеді. Алайда олай істеудің қажеті жоқ. Ол бастапқыда шынымен де ұйықтап кетуге көмектесуі мүмкін, бірақ ол оның сапасын бұзып жібереді. Мас күйінде адам терең ұйқыға бата алмауы мүмкін. Адамның өзіне "қатты ұйықтап қалғандай" көрінгенімен, ағза улы заттарды таратып, жұмыс істеуін тоқтатпайды. Сол үшін ұйқының жалпы сапасы азайып, созылмалы ұйқысыздыққа айналады.
Оған қоса, алкоголь сіздің эмоцияңызға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Мысалы, сіз мазасыз бола түсесіз немесе ашулана бересіз. Бұл ұйқысыздықты ушықтырып жібереді.
Әдеттегіден ерте немесе кеш жатпаңыз
Ұйқысыздықпен қиналатын адамдар өзін қатты шаршатып, кеш жатса, бірден ұйықтап кетемін деп ойлайды. Немесе олар ерте жатып, кеше қанбаған ұйқысының орнын толтырғысы келеді. Алайда ұйқысыздықпен қиналмас үшін күн тәртібін сақтау маңызды: күнде бір уақытта жатып, бір уақытта ояну.
Ұйықтатаын дәрілерді жиі ішпеңіз
Ұйықтататын дәрілер жылдам ұйықтауға көмектеседі, бірақ ұйқысыздық себебін жоймайды. Оған қоса, оларды жиі ішу ағзаға пайда емес, зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан мұндай дәріні тек дәрігер кеңесімен ішу керек.
Ұйықтататын дәрілер жайлы не білу керек?
Төсекте жұмыс істемеңіз және ұялы телефон қарамаңыз
Төсекке ноутбукті алып, жұмыс істеу немесе әлеуметтік желілерді қарау, ұялы телефонмен сөйлесу ыңғайлы. Алайда төсекте ұйқымен қатысы жоқ нәрселермен айналысу - жаман әдет. Егер ұйқысыздықпен қиналып жүрсеңіз, бұл әдеттен арылған жөн. Себебі адам миы болып жатқан нәрсемен, эмоциямен ассоциация жасайды. Бұл түпсаналы деңгейде қалыптасады. Егер үнемі төсекте жұмыс істеп, жағымсыз эмоцияларды бастан кешсеңіз, ол сол эмоциялармен ассоциацияланып, ұйықтап кетуіңізге кедергі келтіреді.
Ұйықтар алдында тамақ ішпеңіз
Ұйықтар алдында тамақ жеу асқорыту жүйесін іске қосады, сондықтан ол ұйықтап кетуге кедергі келтіреді. Ал ұйықтар алдында көп сұйықтық ішу қуыққа күш түсіріп, түні бойы дәретханаға баруға әкеледі.