- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ұйқыны жақсарту үшін...
Ұйқыны жақсарту үшін тұтынудан бас тарту керек 3 өнім
Ұйқы сапасына бөлме температурасы мен шу деңгейі ғана емес, тамақтану түрі де әсер етеді. Тамақтану және денсаулық сақтау саласындағы сарапшы және MIND диетасын жасаушы Мэгги Мун мәселе туындамауы үшін қандай тағамнан бас тарту керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі FitForFun-ге сілтеме жасап.
Кешке майлы, ащы немесе құрамында қант мөлшері жоғары тәтті тағамдар ұйқының сапасын нашарлататыны белгілі. Дегенмен, маманның айтуынша, тіпті пайдалы тағамдар ұйқыға теріс әсер етуі мүмкін көрінеді.
Қатты ірімшік. Кальций, темір, калий және мырышқа бай өнімді ұйқыдан 4-6 сағат бұрын тұтынбаған абзал. Қатты ірімшіктің құрамында қанықпаған май қышқылдары бар, сондықтан оны қорыту қиын. Егер адам ірімшік жегеннен кейін бірден жатып қалса, асқазан ауырып, ыңғайсыздық және кеуде ауыруы мүмкін.
Қара шоколад. Құрамында кем дегенде 70% какао бар шоколад пайдалы тіскебасар болып саналады. Оның құрамында триптофан амин қышқылы бар, ол мелатонин өндірісіне оң әсер етеді, өз кезегінде тыныштандыратын әсерге ие және ұйықтауға ықпал етеді. Бірақ көптеген адам қара шоколад жүйке жүйесін қоздыратын кофеиннің көзі екенін ұмытып кетеді.
Көк шай. Бұл сусынның құрамында кофеин көп. Ұйықтар алдында көк шай ішу ұйқысыздық тудыруы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін ұйқысыздық пен ұйқының қанбауы денсаулыққа қалай әсер ететіні хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қарахан мемлекетінің құрылуы мен жер аумағы қандай болды?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә