- Негізгі бет
- LifeStyle
- Үйдегі ақша үнемдеуге...
Үйдегі ақша үнемдеуге болмайтын 5 зат
Барлық адам үйге жөндеу жұмыстарын жасауды жоспарлаған кезде шығындарды барынша азайтқысы келеді. Алайда кей заттарды сатып аларда оларға ақша үнемдеудің қажеті жоқ.
Диван
Диван қонақ бөлмеге стиль береді, себебі ол - келген адамдардың назары түсетін бірінші жиһаз. Оған қоса, адамдар диванда көп уақыт өткізеді: диванға жатады немесе отырады. Сондықтан ол жылдам тозуы мүмкін. Сондай-ақ диван ыңғайсыз болса, денсаулығыңызға нашар әсер етеді. Сол үшін сапалы диван алу маңызды.
Матрас
Ұйқы сапасы денсаулыққа және өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді. Сапалы матрас он жылдан аса уақыт қызмет ете алады. Сондықтан оның сапалы түрін алған жөн.
Комод
Көп адам комодтың арзан түрі жарайды деп ойлайды. Алайда ол жылдам тозады. Себебі оны жиі ашып-жабасыз. Сол үшін біркүні жәшігін жаба алмай қиналасыз немесе оның орнынан қозғала беретінін байқайсыз. Сондықтан оған ақша үнемдеудің қажеті жоқ. Оған қоса, егер түсі тозып кетсе немесе реңкі сәннен кетіп қалса, қазір мұндай жиһаздарды бояп, жаңа секілді етіп беретін қызметтер көп.
Кресло
Егер үйде жұмыс істейтін және креслода көп отыратын болсаңыз, оның сапалы түрін таңдаңыз. Себебі ол денеңізге әсер етеді. Сапасыз креслодан арқаңыз бен беліңіз ауырады.
Шаңсорғыш
Жоғары сапалы шаңсорғыш өз ақшасына тұрады. Шаңды дұрыс сормайтын шаңсорғыш көңіліңізді түсіріп қана қоймай, денсаулығыңызға жағымсыз әсер етуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Жатын бөлмені скандинавиялық стильде безендіру
А. Жапатова