Жатын бөлмені скандинавиялық стильде безендіру

Жатын бөлмені скандинавиялық стильде безендіру
Фото: unsplash.com

Көп жарық пен тоқыма, аз жиһаз — скандинавиялық жатын бөлмелер шағын, бірақ өте жайлы келеді. Жатын бөлмені қалай скандинавиялық стильде безендіруге болады?

Терең табиғи түстер, жұмсақ және қанық реңктер

Бұрын скандинавиялық стиль ақ түспен сәйкестендірілетін. Қазір скандинавиялық стильдегі жатын бөлмесі кез келген түсте бола алады. Ашық реңктер интерьерді жеңіл етсе, қою әрі қанық түстер оны жайлы әрі тыныштандыратын қылады. Сондықтан өзіңізге ұнайтын түсті таңдаңыз.

Қызықты декор

Скандинавиялық стиль декорды жақсы көреді: картина немесе постерлер, құмырадағы өсімдік, шамдар мен жарықшамдар, әртүрлі тоқымалар, әдемі қызықты заттар. Алайда мөлшердің қақ ортасын табу маңызды: интерьер бос көрінбеуі керек, бірақ сөрелерді ұсақ-түйектермен толтырып тастауға да болмайды. Кеңістікке мінезді детальдар сыйлайды.

Көп тоқыма

Тоқыма көп болуы керек: екі үлкен жамылғы, сәндік жастықтар, тоқылған жамылғылар. Ұйықтар кезде оларды арнайы кәрзеңкеге саласыз. Кілем жайлы ұмытпаңыз: ол кереуеттің астына жайылатын бір үлкен кілем немесе кереуеттің шеттеріне жаятын екі шағын үлпілдек кілемшелер болуы мүмкін.

Ойластырылған ретсіздік

Ұқыпсыз тасталған жамылғы, түрлі түстегі және өлшемдегі жастықтар, кереуетте жатқан кітап — жайлылық сыйлайтын ойластырылған ретсіздік.

Бірнеше жарық қою

Жоғарғы жарық, кереует жанындағы немесе ілмелі жарықшамдар, айна айналасындағы сәндік жарық, шамдар — жатын бөлмеде бірнеше жарық көзі болуы керек. Әдетте, жоғарғы жарықты тек шкафтан киім аларда ғана пайдаланып, қалған уақытта басқа жарық көздерін қосады.

Жақсы төсек-орын жабдығы

Жақсы матрас, жұмсақ жамылғы мен жастықтар, табиғи матадан тігілген сапалы төсек-орын жабдығы — жақсы ұйқы кепілі. Төсек-орын жабдығын таңдарда олардың геометриялық өрнектері бар немесе біртүсті түрлеріне мән беріңіз.

А. Жапатова