Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде жүкті екенін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, бұл қуанышты 3 жыл бойы күткен.
"Алишер екеумізге Алла тағалам сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр екен. Алишердің төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды қуанғаннан. Негізі 3 жылдай қатты үміттенген едік... Содан былтырдан бері үмітімізді үзген еді. Себебі жас та келіп қалды дегендей... Мені қоя берші, Алишерді қатты уайымдадым, Алла бір бала берсе екен деп. Сонда Алишер: "Жаным-ау , уайымдама , бәрі Алланың қалауымен болады. Мен ертең Алланың алдына барғанда, "неге балаң болмады" деп сұралмаймын. Қыздарға қандай әке болғаным үшін, саған қандай жар болғаным үшін сұраламын" деген соң мен де кішкене уайымым басылды. ...Пендешілікпен ұл болса деп қоямын, ал Алишер "ұл бола ма, қыз бола ма сендей жаннан перзент сүйсем бақыттымын" дейді", - деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, бұл - оның екінші некесі. Бұған дейін әнші танымал актер Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шыққан еді. Олардың қыздары бар.
Еске салайық, бұған дейін Алтынай Жорабаева екінші күйеуімен арақатынасы туралы айтқаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам ұйықтаған кезде арықтай ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!