"Қысқасы, менде лафа". Алтынай Жорабаева екінші күйеуімен арақатынасы туралы айтты

"Қысқасы, менде лафа". Алтынай Жорабаева екінші күйеуімен арақатынасы туралы айтты
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші күйеуімен арақатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, жұбайы артық шаруа істетпей, керісінше жағдайын жасайды. 

"Соңғы уақытта инстаға ештеңе салмай кеттім. Көзден кетсе, көңілден де кетеді демекші, мені ұмытып қалған жоқсыздар ма? Негізі, өзім бақыттан басым айналып жүрмін. Үйдегі, жұмыстағы көмекшілерімді демалыстарына жіберіп едім. Тойға да көмекшісіз жүргендіктен, не видео, не фото салуға ерінемін. Бала-шағаны да 1 айға Аланияға жібердік. Үйде отағасы екеуіміз ғана. Құдай-ау, жолдасым ештеңе жасама дейді ғой. "Ұйқыңды қандыр, өзіңе ұнайтын нәрсені жаса, фильмдер қара" дейді. Тіпті таңертең, жұмысқа дыбысын шығармай, жай киініп, бетімді сүйіп шығып кетеді ғой. Қысқасы, менде лафа. Аллаға сансыз шүкірлер", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева бұған дейін танымал актер Сәбит Әбдіхалықовқа тұрмысқа шыққан еді. Олардың төрт қызы бар.

Еске салайық, бұған дейін Алтынай Жорабаева ата-аналарынан қалай рұқсат алғанын айтқаны хабарланған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова