Төсекте жатып жасауға болатын, арықтауға көмектесетін жаттығулар

Көпшілік уақыттың жоқтығынан жаттығулар жасамайды. Алайда жаттықтырушы Александра Сиваева WomanHit-ке төсектен тұрмай-ақ жасауға болатын бірнеше қарапайым жаттығу ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұралу

Арықтауға арналған жаттығуды осыдан бастаған дұрыс. Жатқан күйде аяқтарыңызды бүгесіз, табаныңыз төсекте тұрады.

"Қолдарыңызды басыңыздың астында ұстап, оң жақ шынтағыңызды сол жақ тізеге тигізіңіз және қайта жатыңыз. Содан соң сол жақ шынтағыңызды оң жақ тізеге тигізіп, бастапқы күйге оралыңыз", - дейді жаттықтырушы.

Маман бұл жаттығуды әр жаққа аз дегенде 3 рет орындауға кеңес берді. Бұл жаттығу беліңізді шығаруға көмектеседі.

Ауада қадам жасау

Төсекте сол қалыпта жата бересіз.

"Оң жақ аяғыңызды көтеріп, оны баяу төмен түсіресіз. Осыны келесі аяқпен қаталайсыз. Ауада жүріп келе жатқандай болуыңыз керек", - дейді Александра Сиваева.

Бұл жаттығуды аз дегенде 10 рет жасау керек. Ол сан мен балтырды тонуста ұстауға көмектеседі.

Толқын жасау

Бұл іш бұлшықеттерін қатайтуға арналған жаттығу. Сондай-ақ ол өкпеге де пайдалы.

"Жатқан күйіңізде тізеңізді тік бұрыш болатындай бүгесіз. Оң жақ қолыңыз іште, сол жақ қолыңыз кеудеңізде болуы керек. Терең тыныс алғанда кеудеңіз барынша шығуы керек, ал тынысты шығарған кезде ішіңіз шығады", - дейді жаттықтырушы.

Маман бұл жаттығуды 7 рет қайталауды ұсынды.

Бір қырымен жатып аяқты жоғары көтеру

"Бір қырымен жатасыз және аяғыңызды жоғары көтересіз. Бір жақ қолыңыздың шынтағымен төсекке сүйеніп тұрыңыз", - дейді ол.

Қосымша әсер болуы үшін спорттық резеңке пайдалануға болады: ол жамбас бұлшықеттеріне қосымша күш түсіреді. Мұндай резеңкені балтырдың ортасына киесіз. Содан соң резеңке тартылғанша аяғыңызды көтересіз. Сол қалыпта сәл уақыт ұстап, аяғыңызды баяу түсіресіз. Осы жаттығуды келесі аяққа қайталайсыз.

Сондай-ақ арықтау үшін жан-жақты әрекет ету керегін ұмытпаңыз. Дұрыс тамақтануды қолға алыңыз және көбірек жаяу жруге тырысыңыз. Мысалы, өзіңізге қажетті аялдамадан бір-екі аялдама бұрын түсіп қалып, ары қарай жаяу барыңыз. Түскі ас кезінде 15-20 минут серуендеп келіңіз. Зиянды әдеттерден арылыңыз. Сонымен қатар денсаулығыңызға күтіп жасап, жоспарлы түрде дәрігерге көрініп тұрыңыз. Себебі кейде артық салмақтың себебі денсаулыққа қатысты проблема болуы мүмкін. 

Оқи отырыңыз: "Вакуум" жаттығуы шынымен ішті кетіре ме? Маман жауап берді