БҚО-да автокран аударылып кетті: жүргізуші қаза болды

БҚО-да автокран аударылып кетті: жүргізуші қаза болды
Фото: © gorvesti.ru

БҚО-да кран аударылып, жүргізуші қаза болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Басылым мәліметінше, оқиға 17 маусымда сағат 20:40-та болған. Бәйтерек ауданындағы Погодаево және Павлово ауылдары арасындағы тасжолда автокран тізгіндеген 46 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, аударылып қалған.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі деректеріне сәйкес, ер адам ауруханаға жатқызу кезінде қаза болған. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

ҚР ҚК-ның 345-бабы 3-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БҚО бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі департамент "Нұр-Проект Монтаж" ЖШС-дан апат туралы хабарлама түскенін атап өтті. Жүргізуші жұмыс уақытында жолдан шығып кеткен.

Д. Шәріпхан