Украина ресейліктерге виза режимін енгізеді - Зеленский

Украина ресейліктерге виза режимін енгізеді - Зеленский
Фото: ©REUTERS

1 шілдеден бастап Украина Ресей азаматтары үшін виза режимін енгізеді. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне, егемендігі мен аумақтық тұтастығына төнген теңдессіз қатерлерге қарсы тұру аясында, Министрлер кабинетіне Ресей азаматтарының Украинаға кіру режимін қайта қарау мәселесін пысықтауды ұсындым", - деп жазды Зеленский Telegram-арнасында.

Оның айтуынша, бүгін Министрлер кабинеті бұл шешімді қабылдауы керек. Ол - Украина және Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы Украина мен Ресей Федерациясы азаматтарының визасыз жүруі және Украинаның Ресей Федерациясымен кейбір халықаралық шарттарды қолдану келісімін тоқтату туралы.

"Министрлер кабинетінің жоспарлы шешіміне сәйкес, 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап Украина Ресей Федерациясының азаматтарына виза режимін енгізеді", - деп қосты Украина президенті.

Д. Шәріпхан