Ақтөбеде бопсалаушылар екі тұрғынды ұрып-соғып, жертөледе ұстаған

Ақтөбеде бопсалаушылар екі тұрғынды ұрып-соғып, жертөледе ұстаған
Фото: көрнекі сурет

Ақтөбеде екі тұрғынды ұрып-соғып, бопсалаған екі ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Ақтөбе облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, екі тұрғын тәртіп сақшыларына жүгінген. Олардың айтуынша, белгісіз біреулер екеуін ұрып-соғып, бір күн бойы үйдің жертөлесінде қамап ұстаған.

"Кейін олар бопсалау арқылы 1 миллион 700 мың теңгеден аса қаражатты иемденген. Бопсалаушылар мұнымен тоқтамай, біраз уақыттан кейін жәбірленушілерден тағы 1,5 миллион теңге талап еткен", - дейді ПД өкілдері.

29 және 30 жастағы екі күдікті 400 000 теңге алып жатқан жерінен ұсталған. Екеуі де "Бопсалау" бабы бойынша айыпталып отыр. Ұсталғандар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Д. Шәріпхан