Қостанайдағы "Қазтеміртранс" филиалының директоры ұсталды

Қостанайдағы "Қазтеміртранс" филиалының директоры ұсталды
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Қостанайда "Қазтеміртранс" АҚ филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды "Массагет" Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

"Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының директоры облыс кәсіпкерлерінен жүк вагондарын кедергісіз және жедел өткізгені үшін жүйелі негізде пара алды деп әшкереленді. Күдіктіге қатысты сот "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Д. Шәріпхан