Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген видеосы жарияланды

Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген видеосы жарияланды
Фото: Олег Артемьев/Twitter

Каспий теңізінің ғарыштан түсірілген видеосы жарияланды, - деп хабарлайды "Лада".

Видеоны ресейлік ғарышкер Олег Артемьев Instagram-парақшасында бөлісті. Кадрлар Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген. Видеодан Каспий теңізін көруге болады.

"Көпшіліктің сұрауымен - Каспий теңізі!" - деп жазды ғарышкер видео сипаттамасына.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Oleg Artemiev (@olegmks)

Еске салайық, бұған дейін Олег Артемьев Ақтаудың ғарыштан түсірілген суреттерін жариялаған болатын. 2020 жылы ғарышкер ХҒС-тан Маңғыстаудағы құмды дауылды түсіріп алған еді.

Д. Шәріпхан