Тамагочидің жаңа түрі шығады

Тамагочидің жаңа түрі шығады

Біреу білер, біреу білмес. Телефон дамып, смартфондағы ойындар шықпай тұрып тамагочи деген ойын болған. Ойын болғанда да, арнайы ойыншық. Өткен ғасырдың соңы мен жаңа ғасыр басында бұл ойыншық танымал әрі зор сұранысқа ие болды.

Жапонияның Bandai компаниясы жасаған ойыншық балаларды аса қатты қызықтырды. Үлкендігі - кішкентай жұмыртқа тәрізді болды. Ойынның мақсаты - құрылғы ішіндегі үй жануарын күту, баптау, тамақтандыру. Қарамай қалсаң, көз жұмады.

Компания бұрынғы ойындарын қайта жаңғыртуды қолға алған. Жаңа ойыншыққа Tamagotchi On деп ат берген. Бұрынғысынан айырмашылығы да баршылық. Диагоналы 2,25 дюйм монохронды дисплеймен жабдықталған. Ал батырмалар саны бұрынғыдай үшеу болып қалған.

Ойынның жаңа түрінде үй жануары көршілеріне қыдырып бара алады. Тіпті, өз теңін тауып, балалы-шағалы да болады. Бір құрылғыда 16 ұрпаққа дейін өсіру мүмкіндігі жасалған.

Tamagotchi On ойыншығын смартфонмен де байланыстыруға болады. Бұл өзге ойыншылармен кейіпкерлерді ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сыйлықтар мен қосымша сыйақылар да алуға болады.

Ойыншық сатылымға шілде айының соңында шығады. Нарықтағы бағасы 59 доллар 99 цент болмақ. Теңгеге шаққанда 22 800 теңге шамасында болады.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Жарақат алған жұмысшының еңбекақысы қалай беріледі?
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
Елімізде кинотеатрлар 26 қазанда ашылады
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
SpaceX орбитаға тағы 60 жерсерік шығарды
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Көлікті алдын ала тапсырыспен алу соқыр сенім бе әлде тиімді салым ба?
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді
Жерге тоңазытқыш көлеміндей астероид жақындап келеді