Әуежайдан ұшып шыққан ұшақтан алтын шашылды

Әуежайдан ұшып шыққан ұшақтан алтын шашылды
Фото: qamshy.kz

Якутскте әуежайынан ұшып шыққан ұшақтың жүк салғышы ашылып кеттіп, борттан алтын құймалары шашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтының дерегіне сүйеніп.

Төтенше жағдай бейсенбі күні болған. Алайда борттан шашылған алтынның көлемі қанша екені әлі айтылмады. Ұшақта барлығы 10 тоннадай алтын болғаны анықталды.БАҚ мәліметіне сүйенсек, осы оқиғаға байланысты полиция әуежай маңындағы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерді тінткен.

Бастапқы деректер бойынша, төтенше жағдай жүктің дұрыс бекітілмегенінен болған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз:qamshy.kz

Т. Раушанұлы