20 жылдан кейінгі өмірді елестетіп көрдіңіз бе?

20 жылдан кейінгі өмірді елестетіп көрдіңіз бе?
Фото: reaktivist.ru

Дубайда өткен World Government Summit кезінде сөз алған физик әрі маман, бірнеше ғылыми кітаптардың авторы Митио Каку болашақ туралы тақырып қозғады. Тақырыптың аясы адамзатты 20 жылдан кейін не күтіп тұрғандығы туралы болды.

Өзгерістердің басталып кеткені де белгілі. Біз қазірдің өзінде күн сайын ғалымдар мен инженерлерің жасап жатқан революцияларын, жаңалықтар көріп келеміз. Солардың ішінде «жасанды сана», «ғарышта ұшу», «медицна мен биологиялық ашылулар», «ДНҚ» туралы пайымдаулар  бар. Ал ғалымның айтуынша алдағы 20 жыл ішінде адамзат үшін бұлыңғыр әрі түсініксіз жаңалықтар пайда болады.

Өмір түсінігі

Ғалым Митио Каку бәрінің уақытқа тәуелді екенін айтады. Сонымен қоса тілдің де технологиямен бірге дамитынын атап өтті. Ол қалай? Мәселен, қазіргі адамдар арасындағы қолданылып жүрген «компьютер» сөзі жоғалады.  Анығында сөздің өзі қалады, тек оның термин ретіндегі маңыздылығын ұмытамыз. Ғалымның түсіндіргені бойынша кейбір елдерде «компьютер» сөзі қолданыстан шығып ол адам өмірінің бір бөлшегіне айналып кетеді. Жер бетінде барлық нәрсе компьютерленеді дегенді алға тартады. Сөздің астарына үңілсек бәріміз робот болуымыз мүмкін.

Болашақта 3D басып шығару құрылғысының адамзат өмірін қалай өзгертіп жіберуі туралы да ғалым сөз қозғады:

«Біз жаңа ғасыр туралы айтып отырмыз. Адамдар өздері елестете алған нәрсесін өздері жасай алады».

Оның негіздеуінше адамдар өздері аяқ киім, сәнді бұйым немесе өзге де түрлі заттарды басып шығара алады. Егер сіздің балаңызға ойыншық керек болса дүкенге барудың қажеті болмайды. Тек ғаламторға кіріп, өзіңізге ұнаған үлгідегі ойыншықты көшіріп алып, оны 3D басып шығару құралы арқылы жүзеге асыра аласыз.

Ең ерекше өзгеріс – үй. Біздің болашақта тұратын үйіміз қазіргідей болмайды. Бәрі компьютерленеді. Соның арқасында біз қабырғамен сөйлесетін боламыз. Сіздің күмәніңіз бар ма?

«Келешекте бізде «ақылды қағаз» пайда болады. Бұл қағаз бізге кез келген ақпаратымызды көрсетіп беретін болады. Кәдімгі күнделікті көгілдір экрандағыдай. Біз қабырғамен сөйлесеміз. Тек біз емес қабырға бізбен де сөйлеседі. Сәулет өнерінің дамитыны соншалық үйдің қабырғалары біздің смартфонымызға, теледидарымызға айналады»,-дейді ғалым.

Одан бөлек әлемнің кез келген бұрышындағы адаммен оның тілінде, ол сіз де түсінісе алатын жағдайға жетеді. Бұл қарқынды дамып жатқан технологияның көрінісі.

«Валл-И» мультфильмі есіңізде ме? 2008 жылы түсірілген балаларға арналған мультфильмдегі сюжеттің енді орындалуы мүмкін. Тіпті жақындап келе жатқан секілді. Ғалымның айтқаны шындыққа жанаспайды деп айта аласыз ба?

М. Ақан