Boeing және SpaсeX 2019 жылы ХҒС-ға ғарышкерлерді жібереді

Boeing және SpaсeX 2019 жылы ХҒС-ға ғарышкерлерді жібереді
Фото: hi-news.ru

Boeing аэроғарыш компаниясы мен SpaсeX 2019 жылы халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді жеткізеді. 2019 және 2024 жылдар аралығында аталған қос алып бірлестік алты сынақ жасауды көздеп отыр. Бұл туралы NASA хабарлайды.  

АҚШ-тың ғарыш агенттігінің хабарлауынша, жеке ұшқышқа арналған ғарыш кемесінің ұшуы 2018 жылы басталады. Екі компания Флоридадағы ғарыш айлағында сынақтар жасап, тәжірибе алмасады. Бұл шараға Кеннеди ғарыш орталығы мен ВВС Базасы да ат салысады. 

Сынақ кезіндегі басты назар – ғарышкерлердің қауіпсіздігінде. Сондықтан NASA мамандары, Boeing және SpaсeX инженерлері осы бағытта мүлтіксіз қызмет жасайды. Осы сынақ сәтті аяқталған кезде барып, халықаралық талаптарға сай келген күні ғана оларға ұшыруға рұқсат сертификаты табысталады. 

Boeing осы жылдың соңына дейін ғарыш кемесінің қозғалтқышын, парашюттерді және ең маңызды жүйелерін сынап көрмеді. Ал SpaсeX болса алты бірдей Crew Dragon кемесімен ғарышкерлерге арналған жаңа инновациялық бағытағы скафандрларды дайындайды. Одан бөлек Draco және SuperDracо қозғалтқыштарымен жұмыс жалғасады. 

Boeing және SpaсeX не үшін бұл қадамға асығып отыр? 

Себебі NASA ғарыш агенттігінің өзі құрастырған ғарышкерді Халықаралық Ғарыш станциясына тасымалдаушы кемесі өте ақырын қозғалып қана қоймай, жұмыс күшінің қалыпты жағдай әлі сұрақ күйінде қалып отыр. Ал АҚШ билігі Америкалық ғарыш агенттігінен бұл жағдайдың тезарада орындалғанын және жақсы нәтиже бергенін қалап отыр. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға Boeing және SpaсeX бірлестіктері барынша күш салуда. 

М. Ақан