Жақында құлтемірлер өз құқықтарын қорғауды талап ететін болады

Астрофизик әрі футурист Дэвид Брин адамзатты жақын болашақта не күтіп тұрғанын айтты. Оның ойынша, адамдар мен құлтемірлер арасындағы байланыста дағдарыс туындауы мүмкін. Оқиға 3-5 жылдың көлемінде болады деп пайымдайды ғалым. 

Алдағы 3 жылда құлтемірлер еркіндік пен өз құқықтарын қорғауды талап ететін болады. Олар өздерінің жасанды интеллект екенін жақсы ұғынатын жағдайға жетеді.

Уақыт өте proxy-белсенділер де пайда болады. Бұл жаңа мамандық иелері құлтемірлер құқығын қорғаумен айналысады. Сондай-ақ, олардың міндетіне, керісінше, адамдарды жасанды интеллекттен қорғау да енеді.  

Мәселені шешу мақсатында ғаламторды шектеу шарасы қолданылатын болады.