Google картасын оффлайн тәртіпте қолдануға болады

Google картасын оффлайн тәртіпте қолдануға болады
Фото: www.fastcompany.com

Google компаниясы Google Maps қосымшасын интернет желісіне қосылмай-ақ қолдану мүмкіндігін жасады. Қазіргі таңда бағдарды тануға көмектесетін қосымшаны кез келген Anroid құрылғысына қондырып, интернет трафигінсіз қолдануға болады. Қажет ақпаратқа толығымен қол жеткізу үшін ешқандай артық ақша жұмсаудың қажеті жоқ. Бұл туралы компания ресми блогында мәлімдеді.

Оффлайн тәртіпте онлайн картаның тек екі функциясы ғана қолжетімді. Біріншісі мекенжай, аудан, қала немесе аймақтың атын жазып, іздеу болса, екіншісі – белгіленген мекенжайға бару бағытын алу.

Ал қаладағы жол картасы мен кептеліс туралы ақпаратты әзірге тек онлайн тәртіпте ғана алуға болады. Google Maps қосымшасының iOS-құрылғыларына арналған оффлайн нұсқасы да жақын уақытта шығарылмақ.

Ж. Өрісбай