Сарапшылар iPhone 7 смартфонының қандай болатынын айтты

Сарапшылар iPhone 7 смартфонының қандай болатынын айтты
Фото: infokava.com

Белгілі сарапшы Джин Манстер iPhone 7 смартфонында қандай өзгерістердің болатынын айтты. Сарапшы кезекті смартфонда "Home" батырмасының болмайтынын айтып отыр.

"iPhone 6 смартфонына 3D Touch технологиясын енгізу - Apple-дің "Home" батырмасынан бас тартуға жасаған алғашқы қадамы. Бұл қалған орынды экранмен қамтамасыз етуге, яғни экранды үлкейтуге немесе телефонды кішірейтуге мүмкіндік береді. Apple Touch ID датчигін телефонның қапталына орнатуы мүмкін", - деді Манстер.

Айта кетейік, Apple "Home" батырмасын алдағы бірнеше жылда алмайтынын мәлімдеген болатын. Дегенмен Манстер бұл өзгерістің орындалу ықтималдылығы 50 пайыз екенін айтты.

Сонымен қатар, Apple тұтынушылары енді телефондарын ұзақ уақыт бойы қуаттамай жүре алады. Яғни, iPhone 7-де батареяның сыйымдылығы ұлғаяды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы