Apple Store дүкендері ерекше дизайнға ие болды

Apple Store дүкендері ерекше дизайнға ие болды
Фото: appleinsider.ru

Джонатан Айв – Apple корпорациясының бас дизайнері. Ол Стивтің көзқарасымен жұмыс істеуге дағдыланған. Ал Стив Джобс Apple компаниясына тиесілі барлық нәрсе өзгеше болуы керек екенін айтып кеткен. Джонни осы өсиетті ескеріп, Apple Store дүкендерін жаңа дизайнға көшіруді ұсынған еді. Бас дизайнердің еңбегін жақында Брюссельде (Бельгия) ашылған Apple Store дүкенінің көркі арқылы бағалай аламыз.

Енді Apple Store ішіне кіргенде табиғат аясында жүргендей сезімде боласыз. Себебі дүкеннің ішінде өсіп тұрған ағаштар отырғызылған. Ал бұрын болған үлкен панельдер алынып тасталған. 

Ж. Өрісбай