- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Lenovo смартфондар нарығынан...
Lenovo смартфондар нарығынан кетті
Енді Lenovo Mobile өндірісінің жұмысымен Motorola Mobility айналысатын болды. Қытайлық компания негізгі нарықтарының бірін корпорация құрамына кіретін Motorola концерніне тапсырды. Бұл жаңалықты Lenovo Mobile басшысы Чэнь Сюйдун хабарлады.
Чэнь Сюйдун (Chen Xudong) ақпаратына орай, Lenovo Mobile өндірістік модулі Motorola-мен біріктірілді. Қайта құрылған қосалқы компания смартфон шығарумен айналысады. Бұл смартфондар нарығындағы бәсекелестіктің күшейгенінен болып отыр. Расында Lenovo смартфондары нарықта өтімді болғанымен, әзірге табыс келтіретін дәрежеде нәтиже көрсете алмаған.
Ескере кетсек, Lenovo қаржыландырып жатқан ZUK стартапы дербестігін сақтап, флагманды смартфон шығаруды жалғастырады. Аталған аппаратқа әзірге тек Қытай азаматтары ғана ресми онлайн-дүкендер арқылы тапсырыс бере алады.
Ж. Өрісбай