Lenovo Intel процессорымен жабдықталған Idea Tab S8 планшетін ұсынады

Lenovo Intel процессорымен жабдықталған Idea Tab S8 планшетін ұсынады

IFA 2014 халықаралық техно гаджеттер көрмесінде басымдылық танытқан компаниялырдың бірі Lenovo болды. Аталған қытайлық компания өзінің жаңа планшетінің тұсауын кесті.

IdeaTab S8 аппараты Lenovo компаниясының Intel платформасымен жұмыс істейтін алғашқы Android-планшеті болмақ. Осыған дейін, Intel процессорларымен Windows девайстары ғана шығарылған болатын. Дисплей артына төрт ядролы Bay Trail Z3745 процессоры қондырылған. Оперативті жадысы 2 Гбайт, ал қосалқы жадысы 16 Гбайт болады деп күтілуде. Сондай-ақ, планшет Wi-Fi, Bluetooth 4.0, GPS және LTE (4G) қосымшаларымен толық қамтылатын болады.

Көптің пайымдағанындай, IdeaTab S8 планшеті дыбыспен үн қату функциясымен жабдықталған. Негізгі камерасы 8 Мпикс болып, ал қосалқысы 2.2 Мпикс-ді қамтып отыр.

Сонымен қатар, жаңа планшет нұсқасының Android 4.4 KitKat оперативті жүйесімен жұмыс істейтіні белгілі болды. Одан бөлек нақты ақпараттарды компания басшылығы планшет сатылымға шыққаннан кейін жариялауды жоспарлап отыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: digitalradar.ru

Ж. Өрісбай