Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Жаңалықтар / Microsoft Apple конференциясына қатысты

Microsoft Apple конференциясына қатысты

Microsoft Apple конференциясына қатысты

Microsoft пен Apple корпорациялары арасындағы қарым-қатынастың ұшығуы Стив Джобс пен Билл Гейтстің софт нарығындағы бәсекелестігінен басталған. Содан бері екі алпауыт компания бірге ортақ жоба құрған емес. Ал бүгін Apple ресми іс-шарасына Microsoft өкілі арнайы шақырылғаны белгілі болды.

Apple корпорациясы өзінің бірқатар өнімін бүгін таныстырды. Атап айтқанда iPhone 6s пен iPhone 6s Plus және Apple TV өнімдері. Одан бөлек, компьютердің орнын баса алатын жаңа iPad Pro планшеті де көптің көзайымына айналды. Бір қызығы, Apple басшылығы жаңа платшеттің платформасын бағдарламалауды Microsoft инженерлеріне ұсыныпты. Бұл туралы осыған дейін еш мәлімет берілмеген болатын. Бүгін екі америкалық компанияның біріккен жобасы іске асқанына куә болып отырмыз.

Microsoft өкілі іс-шара барысында iPad-қа арналған Office бағдарламалар жинағын таныстырды. Планшеттің смарт-қаламы екі бірдей Office бағдарламасын бір уақытта пайдалану мүмкіндігін береді. Одан бөлек, Microsoft компаниясының iOS платформасына бейімделген өнімінің бірқатар мүмкіндіктері аталды.

Жаңа планшеттің техникалық мүмкіндіктері туралы аз мәлімет берілді. iPad Pro планшетінің Wi-Fi нұсқасы (32 ГБ) $799 бағамен қазан айында сатылымға шықпақ. Ал 4G нұсқасы (128 ГБ) 1079 АҚШ долларына бағаланып отыр. Одан бөлек, планшетке арналған "ақылды" қалам бөлек сатылатын болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: electrogadgetblog.com
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2015, 02:28

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.