Алматыда тұңғыш рет технологиялық фестиваль өтеді

Алматыда тұңғыш рет технологиялық фестиваль өтеді
Фото: collabortank.com

Ағымдағы жылдың 19-20 қыркүйек күндері Алматы қаласында «TECH GARDEN FEST 2015» тұңғыш технологиялық фестивалі өтеді.

Іс-шараны Алматы қ. әкімдігінің және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның (ТДҰА) қолдау көрсетуімен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі AlmatyTechGarden Автономдық кластерлік қорымен бірлесе ұйымдастырып отыр.

«TECH GARDEN FEST 2015» – бұл жас инноваторларға өз жобасын дамыту үшін инвестицияларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа форматта құрылған тұңғыш технологиялық фестиваль. «Іс-шараның «Идея. Стартап. Капитал» деген ұранында дұрыс стартаптың түсінікті әрі айтарлықтай дұрыс құрылған жұмыс жолы бейнеленген», - дейді Автономдық кластерлік қор бас директоры Санжар КеттебековTECHGARDENFEST 2015 фестивалінің аясында екі негізгі іс-шара  - «TechGardenCup» және «TechGardenStartupDay» біріктілген.

TechGardenCup – қатысушыларға іс-шара серіктестерінен қажетті технологиялық қолдауды ала отырып олардың технологиялық платформалары негізінде жобаларды құруға мүмкіндік беретін 48 сағаттық Tech марафон. 48 сағатқа созылатын Хакатонда AlmatyTechGarden қорының ақылды орта, ақылды индустрия, өмір экологиясы, е-коммерция және медиа секілді төрт кластері қамтылған.

TechGardenStartupDay инновациялық жобалар байқауының мәресі, оның шеңберінде талаптанушылар жобаларын ары қарай қаржыландыру мақсатында инвесторларға (жер қойнауын пайдаланушыларға) өз идеяларын таныстыруға бірден-бір мүмкіндік алады.

StartupDay аясында Инвесторлар ішкі академиясының (GVA)  семинары өткізіледі, онда мына тақырыптар қамтылатын болады:

1. Ерте кезеңдегі ішкі инвестицияларға шолу жасау, инвестициялаудың негізгі құралдары мен тетіктері, жобалар құнын бағалауға арналған тәсілдемелер, стартаптың түрлі кезеңдерінде инвестициялаудың тәсілдемелері.

2. Ерте кезеңдегі инвестициялардың заңдық және салықтық тұстары.

3. Инвестиция салынған жобалардан шығудың стратегиялары, ішкі және сыртқы сатып алушыларды іздеу, келіссөздер жүргізудің стратегиялары.

TECH GARDEN FEST 2015 фестиваліне қатысу үшін 14 қыркүйек күнін қоса санағанда өтінімді жіберу қажет. Іс-шараға дейін бір апта бұрын Tech марафонға іріктеп алынған қатысушыларға арнап технологиялық серіктестердің тренингтері өткізіледі, тренингтердің негізгі мақсаты – жетекші халықаралық компаниялардың технологиялық платформаларымен жұмыс жасаудың негіздерін үйрету.

Екі күннің қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар комиссиясы жеңімпаз 25 команданы анықтайды. TechGardenCup байқауының мәресіне жеткендер 5 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде грантқа және AlmatyTechGarden кубогына ие болады. StartupDay жеңімпаздарын 5 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде грант және үш ай бойы TechGarden инкубаторының «Резиденті» мәртебесі күтуде. Күн сайын techgarden.kz сайтына күніне 1000 өтінімнен келіп түседі, ал жобаларға қазірдің өзінде 120 өтінім тіркелген. Іс-шараны өткізетін серіктес KIMEP университеті болып табылады.

Ж. Өрісбай